Болат Өтемұратов Қоры Қызыл Айдың қолдауы жағдайында Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуде
Болат Өтемұратов Қоры Қызыл Аймен бірлесіп, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қазақстандықтарға қолдау көрсету бойынша бағдарламаның шеңберінде Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек карталарын беруге кіріседі.

Бұл сатыда ақшалай көмектің жалпы сомасы 2 мың адам үшін 60 миллион теңгені құрайды. Мұндай шешім Шымкент қаласының эвакопункттеріндегі бірлескен мониторингтен кейін және зардап шеккен адамдардың қажеттіліктерін бағалаудан кейін қабылданды.
Бұл қаражат адамдарға күйзелістен кейінгі алғашқы және ең ауыр күндерді өткеруге және өздерінің бірінші кезекті гигиеналық керек-жараққа, дәрі-дәрмекке, киімге деген мұқтаждықтарын жабуға көмектеседі.
Алдында биылғы жылы Болат Өтемұратов Қоры және Қызыл Ай Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге 56 миллион теңгеден астам жалпы сомаға ақшалай көмек көрсеткен болатын.