Болат Өтемұратов қоры Риддердегі ірі өрт кезінде үйінен айырылған әр отбасыға 1 млн. теңге бөледі
Риддердегі өрттен зардап шеккен отбасылар Болат Өтемұратовтың қорынан «Көмек картасы» жобасы аясында әрқайсысы 1 млн. теңгеден алады. «Көмек картасы» Болат Өтемұратовтың қоры, Қазақстанның Қызыл Айы және Fortebank-пен бірлесіп жүзеге асырылған жобасы

10 мамырда Риддер қаласында ауқымды орман өрті болды. Алдын ала деректер бойынша, жалын 31 тұрғын үйді, 7 шаруа құрылысты және 1 авто жөндеу шеберханасын қиратты. Егде жастағы әйел қайтыс болды, екі адам жарақат алды.
Жақын күндері Қызыл Ай апаттарына ден қою тобы зардап шеккендердің жағдайы мен қажеттіліктерін бағалағаннан кейін зардап шеккен барлық отбасыларға 1 млн. теңге көлеміндегі банк карталары беріледі.
«Риддерде өрт болғанын біліп, біз тобымызбен бірге қалыс қала алмадық, қиындыққа тап болғандарға қолдау көрсетудің жолдарын дереу іздеуді жөн көрдік. Көмек уақтылы және мақсатқа сай болуы үшін біз үйінен айырылған әр отбасыға 1 млн. теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетуді шештік. Өкінішке орай, өрт адам өмірін жалмады. Мен қайтыс болған Галина Филаретовна Спивакованың отбасы мен туыстарының қайғы-қасіретіне ортақтастық білдіремін», — дейді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов.
Табиғи және техногендік апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсете отырып, «Көмек картасы» бірлескен қайырымдылық жобасы 2018 жылдан бастап сәтті жүзеге асырылуда. 2018 жылдан бастап «Көмек картасы» жобасы аясында Болат Өтемұратов Қоры жалпы сомасы 1 млн. АҚШ долларына жуық қаржылай қолдау көрсетті.