20.06.2019

Алматының Бас ботаникалық бағы 4 айға жабылады

Ботаника және фитоинтродукция институты мен Болат Өтемұратов Қоры Бас ботаникалық бақты 2019 жылғы 1 шілдесінен 1 қарашаға дейін қайта құрудың қарбалас сатысының кезеңіне келушілер үшін жабу туралы шешім қабылдады.

Бүгінгі таңда қайта құру жобасының шеңберінде Алматының Бас ботаникалық бағында барлық қажетті рұқсаттардың алынуымен, жоспарланған және жұртшылықпен өзара келісілген қайта құруды іске асыру басталды. Бақтың аумағында жол жұмыстары (тас жабу, серуендеу соқпақтары желісін төсеу, экологиялық жолдарды толтыру, гранит кеспе тастар төсеу) жүргізілуде, кіреберіс павильондардың құрылысы басталды (қазаншұңқырды дайындау, бетон жұмыстары), суару және су шашу жүйесін жасау (арықтар жүргізу) бойынша инженерлік-техникалық жұмыстар, электр желілерін тарату мен жарықтандыру және видеобайқау жүйелерін монтаждау жалғасуда. Қайта құру аймақтарында ірі габаритті және ауыр салмақты құрылыс техникасын тартумен жер жұмыстары жүріп жатыр. Бақтың аумағындағы мұндай жағдайлар келушілер, әсіресе, жазғы оқу демалысы кезеңінде балалар топтарының көп келуін ескере отырып, балалар үшін қауіпті болуы мүмкін.

«Жобаның бастапқы сатысында біз қайта құрудың бүкіл барысында бақты келушілер үшін ашық қалдырудың сәті түседі деген үмітте болдық, бірақ Ботаника және фитоинтродукция институтымен консультациялардан кейін, барлық тәуекелдерді бағалап, қазіргі жағдайларда оның аумағында келушілердің болуының жайлылығы мен қауіпсіздігіне кепілдік беруге мүмкін еместігін түсіндік. Денсаулыққа зиянды болдырмау үшін қайта құру зоналарын бөлек қоршауда мүмкін емес. Топтармен келетін балалар ерекше алаңдаушылық тудырады. Сондықтан, ықтимал жазатайым оқиғалардан сақтану үшін, бақты 1 шілдеден 1 қарашаға дейін қарқынды жұмыстар жүргізу кезеңіне жабу туралы шешім қабылданды. Біз қала тұрғындары мен Алматының меймандарынан уақытша шектеулер үшін кешірім өтінеміз және түсіністікке үміттенеміз», — деді Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Сонымен бірге, бастамашылар қайта құру бойынша жұмыстардың ашықтығы мен көлегейсіздігін сақтауда және олардың ілгерілуі туралы жұртшылықты жүйелі хабарландыруын жалғастырады. Болат Өтемұратов Қоры белсенді қала тұрғындарының қатарынан қайта құру бойынша жұмыстардың барысын мезгіл-мезгіл тексеріп отыруға тиіс қоғамдық бақылау тобына волонтерлер шақыратынын жариялайды, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Қоғамдық кеңесті тарту жоспарлануда. Қоғамдық бақылау тобына кіруді қалаушылар келесі мекенжай бойынша электронды пошта арқылы өтінім бере алады: botsad.volonter@utemuratovfund.org.

Ағымдағы жұмыстардың барысын қызығушылық танытатын адамдар әлеуметтік желілерден, Facebook-тегі және Instagram қайта құру жобасының беттерінде баға алады.

Алматының Бас ботаникалық бағын қайта құру 2018 жылы басталған. Жобаның бастамашысы Алматы қаласы Ботаника және фитоинтродукция институтының сұрауы бойынша Әкімдігінің қолдауымен Болат Өтемұратов Қоры болды. Жобаның басты мақсаты – шаһар тұрғындары мен қонақтары үшін баққа оңай қатынау мүмкіндігін және жайлы уақыт өткізуді қамтамасыз ету, қазақстандық ғалымдардың дендрология, ботаника және фитоинтродукция саласындағы жетістіктерін көрсету. Қайырымдылық жобаның негізгі қағидаты – қаланың жасыл оазисін 1932 жылғы оның негізін қалаудың түпнұсқалық жоспарлары бойынша және әлемдегі ботаникалық бақтардың дизайнының үздік үлгілерін ескерумен аялап қалпына келтіру.