09.12.2020

Жылдам шешімдер мен үлкен жетістіктер жылы: Болат Өтемұратов Қорының қорытындылары

2020 жылы жеке қайырымдылық ұйымы коронавируспен күресуге, мұқтаж жандарға үйлер салуға, Алматы қаласының ботаникалық бағын қайта құруды аяқтауға және басқа да әлеуметтік жобаларға 5,2 млрд. теңге бағыттады

«2019 жылды Қазақстандағы еріктілер жылы деп жариялау Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өте уақтылы және нақты шешімі болды. Өткен жылы барлық қайырымдылық және еріктілер топтарының жұмысы күтпеген жерден көп болды», — деді Болат Өтемұратов Қорының Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман қорытындылай отырып.
Оның айтуынша, белгілі кәсіпкер және меценат негізін қалаған жеке қайырымдылық ұйымы әлеуметтік жобаларға 5,2 миллиард теңге бөлген, олардың бір бөлігі жоспарланбаған шығындар. Олардың қатарында мемлекет пен қоғамға коронавирустық пандемияға қарсы күресте көмек көрсету және көршілес Өзбекстандағы бөгет бұзылғаннан кейін Түркістан облысында мамыр айының басында болған тасқын су салдарынан үйінен айырылғандарға үй салу.


«Қор коронавирустың таралуын шектеуге бағытталған жобаларға 1,9 миллиард теңге бөлді, бірақ олардың вируспен күрестегі үлесі баға жеткісіз», — дейді медицина профессоры Шарман мырза.
Атап айтқанда, Болат Өтемұратов Қоры пандемия өршіп тұрған кезде COVID19 антиденелеріне 94 мың экспресс-тест сатып алып, Қазақстанға әкелген алғашқы ұйым болды. 47 мың тест жиынтығынан Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларына тапсырылды. Экспресс-тестілер халықтың әлеуметтік осал азаматтары (мүгедектер, зейнеткерлер, кедейлер), сондай-ақ тәуекел топтары (дәрігерлер, полиция қызметкерлері, әкімдіктердің, коммуналдық қызметтердің қызметкерлері) арасында скринингтік тексерулер үшін пайдаланды.
Қор сатып алған және Нур-Сұлтан мен Алматыда орнатқан коронавирустың ПТР-сынауларына арналған екі модульдік зертханалық кешен жақсы қызмет етті. Маусым мен шілде айларында инфекцияның шарықтау шегінде олар тәулігіне 1 мыңға дейін сынақ өткізіп, толық қуатында жұмыс істеді және осы кезеңдегі Қордың Алматыдағы зертханасы жұмыс істеп, талдаулар жүргізген жалғыз ұйым болды. Жарты жыл ішінде қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының қарамағына берілген зертханалық қондырғылар скринингтердің жылдамдығы мен қамтуын едәуір арттыруға көмектесті және 131 мың тест өткізді. Талдаулар тегін жүргізілуде.


Мамыр айының басында Қордың құрылтайшысы «Баламекен» жобасын қайта бастауға шешім қабылдады. Бұл жоба өткен жылы Қызылорда мен Арыс қалаларында мұқтаж 200 отбасыға үй салу мақсатында басталған, алушыларға тұрғын үй сыйға тартылған. Биылғы жылы Түркістан облысының Мақтаарал ауданында техногендік су тасқыны болды, соның салдарынан аймақтағы жүздеген отбасы баспанасынан айырылды. Қордың қаражатына шамамен 2,5 млрд. теңгеге — Мырзакенттің облыс орталығында әрқайсысы 100 шаршы метр, үш соттық учаскелері бар үш бөлмелі 150 үй рекордтық түрде салынды. Жаңа үйлердің кілттері бақытты жаңа қоныстанушыларға 19 қазанда тапсырылды.


Қордың жоспарланған жобаларының ішінде азаматтар үшін керемет сыйлыққа айналған Алматы ботаникалық бағын қайта жаңартуды ерекше атап өткен жөн. Қор бақтың флорасын жаңартты (175 мыңға жуық жаңа өсімдік отырғызылды), суару жүйесін қалпына келтірді және оны жаңа су көздерімен (су алу және екі артезиан құдықтарымен), сонымен қатар тамшылатып суару және автоматты суару жүйелерімен толықтырды, үш жаңа павильон тұрғызды, Солтүстік партерді толығымен жаңартты, ал бос жерде жаңа Оңтүстік партер құрды. Жаңа орындықтар орнатылды, жарық беретін шамдар, бейнебақылау камералары, жаңартылған жол төсемдерін орнатты — барлық жұмыстарға Қор 15 млн. доллар жұмсады. Келушілер жоба нәтижелерін жоғары бағалады, ал бақ алматылықтардың сүйікті демалыс орнына айналды. Бақ қайта жаңартылғаннан кейін ашылған күннен бастап алты ай ішінде оны 400 мыңға жуық адам тамашалады, бұл алдыңғы 10 жылмен салыстырғанда көбірек.
Қор тобы табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсетуді жалғастырды.

«Көмек картасы» жобасы аясында Болат Өтемұратов Қоры Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарындағы көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 84,5 млн.теңге бөлді. Үйлері қатты зақымданған 1500 адам тұрғын үйді, шаруашылықты және мүлікті қалпына келтіру үшін әрқайсысына 50 мың теңгеден алды. Жоба Қазақстанның Қызыл Жарты Айы және ForteBank бірігуімен жүзеге асырылуды.
Болат Өтемұратов Қоры «Асыл Мирас» аутизм орталықтарының желісін кеңейтуде. Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе, Орал, Шымкент, Петропавл қалаларына қосымша Павлодар қ.  тоғызыншы орталық ашылады. Келесі жылға Тараз қ. орталықтың ашылуы жоспарланған. Бүгінгі күні орталықтарда 7,5 мың бала диагностикадан өтті, 5,5 мыңнан астам бала бағдарламаларға қатысты, 4,3 мың бала оларды бітірді. «Асыл Мирас» Аутизм Орталықтары тегін жұмыс істейді.
«Біздің орталықтарда оқитын әр баланың дағдылары айтарлықтай жақсарады. Аутизм орталықтары — бұл біздің Қорымыздың нағыз ноу-хауы, біз бірегей желі құрдық және бүкіл ел бойынша өз біліміміз бен тәжірибемізді таратамыз», — деп түсіндірді Алмаз Шарман.


Қормен бірге Батырхан Шүкенов атынд. Қормен бірге мамандандырылған мектептер мен жоғары оқу орындарының үрмелі аспаптар бөлімдерінің 10 студенті мен оқушыларына шәкіртақы бөлінді. Батырханның портреті бейнеленген естелік пошта маркасы шығарылды. Басылымның таралымы 10 мың дананы құрды. Жақын күндері Батыр туралы кітап жарыққа шығады.
«Өткен жыл ғаламдық мәселелер бойынша жедел шешім қабылдау қажет болған қиын кезең болды. Дегенмен біз көп нәрсені істей алдық, біздің бүкіл команда белсенді жұмыс істеді, кейде елдегі маңызды оқиғалардың басында болды», — деп түсіндірді Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов, — Біз  мемлекет пен қоғамға коронавирустың таралуы, су тасқыны салдарынан болған қиындықтарды жеңуге көмектестік. Қайта жаңартудан кейін ашылған ботаникалық бақ шектеулер жағдайында алматылықтар үшін жұбаныш орнына айналды. Біздің «Асыл Мирас» Аутизм Орталықтарымыз балалармен онлайн режимінде жұмыс жасауды жалғастырды. Келесі жылы бәріміз бұрынғы өмірімізге оралып, одан да көп игі істер жасаймыз деп үміттенеміз».