01.09.2023

Қосшыда 1500 мың оқушыға арналған мектеп ашылды

Бүгін Қосшы қаласында Болат Өтемұратов қорының «Верный Капитал» компаниясымен бірлесе салған орта білім беру мектеп-гимназиясының есігі айқара ашылды.

Бұл жерде 2 ауысымда 3000 оқушы дәріс алмақ. Қайырымдыдық жобаның құны 7,5 миллиард теңгені құрады. Бұл еліміздегі “Жайлы мектеп” ұльттық жоба стандарттарына сай салынған алғашқы оқу орны. Ол бір-ақ жылдың ішінде салынып, толықтай мемлекет тарапына тапсырылды.

Қосшы мектеп-гимназиясы

«Біз Болат Өтемұратов қорына білім беру саласына көрсетіп жатқан қолдауына алғыс білдіріп, жаңа мектеп үш ауысымдық оқу мәселесін шешуге көмектескеніне аса назар аударды. Бұл балалар ынтасын арттыру мен дарындарын айқын ажыратуға зол үлесін тигізеді деген сенімдеміз», — деп мектептің салтанатты ашылуы кезінде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев ойымен бөлісті.

Үш қабатты білім ордасының аумағы 17,5 мың шаршы метрді құрайды. Мектепті жобалау кезінде интерактивті медиа сыныптары, физика, химия және биология зертханалары, шеберханалар, компьютерлік сыныптар, робототехника және 3D модельдеу студиялары, виртуалды көлік жүргізу және алғашқы әскери дайындық кабинеттерін жасауға көп көңіл бөлінді.

Металл және ағаш өңдеу шеберханасы, тігін және ағашты өңдеу кабинеттері, қыш және бейнелеу өнері шеберханалары бар шығармашылық кеңістікке ерекше назар аударылды. Бос уақыттарының өзін балалар сапалы өткізе алады. Мысалы, арнайы коворкинг-аймақтарында олар емін-еркін демалып, қалаған кітаптарын оқи алады.

Балалардың физикалық денсаулығына көп көңіл бөлінді және баскетбол, волейбол немесе футбол ойнауға арналған спорт алаңдары қарастырылды. Оған қоса үстел теннисін ойнау ұсынылады.

Трансформер парталары балалардың физиологиялық ерекшеліктеріне сай құрылады. Ал ерекше қажеттілікті талап ететін жандар үшін мектепте 4 лифт қондырылды. Өсімдіктер көп отырғызылып, мектеп айналасындағы  инфраструктураға да көп көңіл бөлінді. Атап айтсақ, мектепке апаратын автожол төселіп, мектеп жанында тұраққа орын бөлінді.

«Біз соңғы буынды технологиялар мен құрылғыларды пайдалану арқылы жайлы, қауіпсіз және жағымды білім беру ортасын құруға бар үлесімізді қостық. Біздің мектеп әрбір баланың дамуына септігін тигізіп, сонымен қатар Қазақстанда жаңа білім стандарттарына жетелейді деп сенеміз. Ал біз өз жұмысымызды әрмен қарай жалғастырамыз, Шелек пен Есікте тағы 2 мектептің құрылысы басталғанын хабарлаймыз. Оның әрқайсысы 900-орынды білім ошақтары болмақ», — деп жаңалықпен, «Верный Капитал» компанияның бас директоры Ерлан Оспанов бөлісті.

Болат Өтемұратов қорының қамқоршыдар кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман: “Қосшыда мектептің ашылуы — білім беру саласында қолдау көрсетіп, елімізде әлеуметтік жобаларды әрмен қарай дамыту біздің  үлкен бір мақсатымыз. Бұл жобаны іске асыру арқылы, жасөспірімдер мен балалар үшін жасаған жайлы да, жоғары технологиялық мүмкіндіктермен таныстыру — біз үшін үлкен бақыт. Инвестициялар мен білім өсіп келе жатқан буынның жарқын келешегін айқындайды. Ал жаңа мектеп бұған өз септігін тигізеді”.