28.12.2018
«АСЫЛ МИРАС» АУТИЗМ-ОРТАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛ
«Асыл Мирас» аутизм орталықтарында өткізілген жаңажылдық ертеңгіліктерге қатысушылар қысқы сиқырлық пен ертегідей ғажайыпқа бөленді!

«Асыл Мирас» аутизм орталықтарында өткізілген жаңажылдық ертеңгіліктерге қатысушылар қысқы сиқырлық пен ертегідей ғажайыпқа бөленді!
АСБ бар балалар келе жатқан 2019 жылды ата-аналары және ұстаздаздарымен бірге атап өтті. Балалар түрлі конкурстарға қатысты, қуыршақтар қойылымын көрді, ертегілердің сүйікті кейіпкерлерімен жүздесіп, әрине, Аяз Ата мен Қарша қыздан сыйлықтар алды.
Ересектер бүлдіршіндерінің күлкісіне қуанып, балалардан кейін қалған жоқ. Өйткені баланың қуанышы мен күлкісі ата-анасы үшін — ең құнды сәт.