ПТР лабораторияның жұмыс туралы
Құрметті Алматы қаласының тұрғындары! Ұлттық сараптама орталығының Алматы филиалы, Атакент көрме кешенінің павильонында коронавирустық инфекцияға тексеруді өткізу үшін Болат Өтемұратов Қоры сыйға тартқан ПТР-зертханасы жұмыс істейтінін хабарлайды. Қазіргі уақытта Қытайдан келген әріптестердің қатысуымен мамандарды даярлау және сынама үлгілерін тестілеу аяқталуда. Барлық дайындық процедуралары аяқталғаннан кейін біз жеткізілген сынамаларға зерттеу жүргізуді бастаймыз. Барлық зерттеулер Қазақстан Республикасының […]

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!
Ұлттық сараптама орталығының Алматы филиалы, Атакент көрме кешенінің павильонында коронавирустық инфекцияға тексеруді өткізу үшін Болат Өтемұратов Қоры сыйға тартқан ПТР-зертханасы жұмыс істейтінін хабарлайды. Қазіргі уақытта Қытайдан келген әріптестердің қатысуымен мамандарды даярлау және сынама үлгілерін тестілеу аяқталуда. Барлық дайындық процедуралары аяқталғаннан кейін біз жеткізілген сынамаларға зерттеу жүргізуді бастаймыз.
Барлық зерттеулер Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысы аясында азаматтардың келесі санаттары үшін, оның ішінде жұмыссыздар, аз қамтылған отбасылардың, көп балалы отбасылардың мүшелері, мүгедектер және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтары үшін тегін жүргізілетін болады:
- стационарға жоспарлы және шұғыл жатқызылған науқастар;
- медициналық-әлеуметтік мекемелерге, ҚАЖ мекемелеріне қайта қабылданған тұлғалар
- клиникалық хаттамаларға сәйкес жүкті және жаңа туылған нәрестелер
- гемодиализдегі науқастар
- қылмыстық-түзету жүйесінің мекемелеріне түскен тұлғалар
- COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары медициналық қызметкерлер
- эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын арнайы адам құрамы
COVID-19 сынамаларын іріктеуді емханалар, ауруханалар мен жедел жәрдем бригадалары орындайды. Тиісінше, зертхананың өзінде сынамалар қабылданбайды.
Тестілеу нәтижелері тікелей Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне, сондай-ақ үлгілерді зерттеуге электронды нысанда және қажет болған жағдайда қағаз тасымалдаушысында жіберген ведомстволық мекемелерге бағытталады.
Егер коронавирустық инфекция жағдайлары анықталса, барлық қажетті шаралар ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, барлық сұрақтар бойынша азаматтардың Алматы қ. Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментіне келесі телефондар бойынша хабарласу мүмкіндігі туралы хабарлаймыз (Жібек жолы даңғ., 5): 8 (727) 382 36 52, 382 34 97.