04.03.2020

ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУЫР АСФИКСИЯСЫ БАР ШАЛА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІ ҚҰТҚАРУҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚ АЛДЫ

Медициналық мекемеде суық су құйылған жылытқы мен мұздың орнына гипотермиямен емдеуге арналған заманауи аппарат қолданылатын болады

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында жыл сайын орталық генез температурасының көтерілуіне және бас мидың ісінуіне әкеліп соғатын ауыр асфиксия бар 10-12 шала туған нәресте дүниеге келеді. Мұндай пациенттер гипотермиямен емдеуге, басқаша айтқанда, дұрыс және қауіпсіз салқындатуға мұқтаж. Бұрын перинаталдық орталықтың дәрігерлері ілгері-кемді тиімділік дәрежесімен қолда бар құралдарды пайдалануға мәжбүр болатын, ал медициналық техника индустриясы көптен бері жоғары технологиялық шешім ұсынады.


«Емдік гипотермияға арналған аппарат баланың ахуалына үнемі мониторинг жүргізуге, салқындату дәрежесін бақылауға және температуралық режимді тура 1 градусқа дейін дәлдікпен реттеуге мүмкіндік береді. Біз үшін температураны үш күннің ішінде тұрақтандыру сыни маңызды, әйтпесе баланың мүгедектігінің, кейде ажалының бетін қайтару мүмкін болмайды», — деп түсіндірді Қызылорда облыстық перинаталдық орталығының директоры Гүнар Хамзақызы Жұмашева, Қазақстанның медициналық мекемелерін заманауи жабдықпен жарақтау бойынша жобаны іске асыратын Болат Өтемұратов Қорына өтінім берген уақытында.
Қор орталықты Burabike Fest 2019 қайырымдылық спорттық-музыкалық фестивалінің бенефициарларының қатарына қосты және сұратылған аппаратты 15 миллион теңгеге сатып алды. Жабдықты табыстау Болат Өтемұратов Қоры мен Қызылорда облыстық әкімдігі басшылығының қатысуымен 4 наурызда өтті.
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов Болат Өтемұратов Қорына алғысын білдірді және қайырымдылық ұйымның перинаталдық орталыққа көмек көрсетуі бірінші рет емес екенін еске салды. 2014 жылы Қор мекемеге шала туған нәрестелерді тасымалдауға арналған кювез сыйлаған болатын, оның арқасында жүздеген нәрестені аман алып қалу мүмкінге айналды.


«2013 жылдан бері біз бүкіл ел бойынша отыз шақты ауруханаға, перинаталдық орталықтар мен басқа да медициналық мекемелерге 1 миллиард теңгеге жуық жалпы сомаға өмірлік маңызды жабдық сыйладық, — дейді Болат Өтемұратов қайырымдылық Қорының директоры Марат Айтмагамбетов, — Қызылорда перинаталдық орталығының қажеттіліктері бізге мәлім, сондықтан біз міне, оған жабдықпен екінші рет көмектесіп отырмыз».
Бүкіл ел бойынша медициналық мекемелерді жарақтау Burabike Fest қайырымдылық спорттық-музыкалық фестивалінің қатысушылары мен демеушілерінің үлесінің арқасында жүргізілуде. Іс-шараны Болат Өтемұратов Қоры Rixos Borovoe отелімен бірлестікте 2013 жылдан бастап жыл сайын Шортанды-Бурабай курорттық аймағында ұйымдастырады. Фестивальдің бағдарламасына қайырымдылық аукциондары, веложарыс және велошеру, мастер-кластар, концерт, пикник, спорт жарыстары кіреді. Фестивальге бүкіл Қазақстаннан, сондай-ақ Ресей мен Қырғызстаннан спорт және қимыл-қозғалысты өмір салтының әуесқойлары келеді. Былтырғы жылы оған 4 мыңнан астам адам, шараның бүкіл тарихындағы рекордты сан қатысты. Burabike Fest негізгі бөлімі Шортанды көлінің жағасында Rixos Borovoe отелінің көркем аумағында өтеді.
Демеушілік жарналардан, жеке құрмалдықтардан, тіркеу жарналарынан, аукциондардың, сондай-ақ кәдесыйлар мен брендті киім-кешек дүкенінің түсімінен қайырымдылық қаражат жиыны қалыптасады. Оған Болат Өтемұратов Қоры жабдық сатып алады және медициналық мекемелерге табыстайды. 2019 жылғы фестивальдің қорытындылары бойынша мұндай сегіз мекеме таңдалды.
2020 жылы Burabike Fest фестивалі 29 және 30 тамызда өтеді. Болат Өтемұратов Қоры әлеуеттегі бенефициарлардан медициналық жабдық сатып алуға өтінімдер қабылдайды. Шараға қатысушыларды тіркеу 15 наурыздан бастап burabike.kz сайтында ашылады.