15.08.2022

Jas Leader Akademiiasy бағдарламасы Қызылорда мен Жамбыл облысындағы 150 мұғалімнің дайындығын бастады

Болат Өтемұратов Қоры жаңа кезеңі Қызылорда мен Жамбыл облысының оқушыларына арналған Jas Leader Akademiiasy бағдарламасына қолдау көрсетеді. Әр өңірде 25 мектептен 75 мұғалім 5-11 сынып оқушыларына көшбасшылық қасиеттерді дамытуға көмектесетін әдістемелік оқудан өтеді. Балаларға мектепте оқытылмаған сұранысқа ие дағдылар үйретіледі — бұл қатысым дағдылары, аудитория алдында сөйлеу, уақытты жоспарлау және басқару, өзін-өзі таныстыру және өзіне деген сенімділікті дамыту.

Бір апта бойы мұғалімдер тренингтің оқу материалдарын меңгеріп, факультатив бағдарламасымен танысып, курсты өткізу ерекшеліктерін меңгереді. Әдістемелік құралдар арнайы қазақ мектептерінің мұғалімдеріне арнап қазақ тілінде әзірленген. Тренингте оқыту интерактивті форматта өтеді.
Оқытылған бапкер – мұғалімдер өз мектептерінде Jas Leader Akademiiasy бағдарламасы бойынша сыныптан тыс іс-шараларды өткізе алады және келесі оқу жылында 5-11 сынып оқушылары үшін әрі қарай жұмыс істеуге арналған материалдардың толық пакетін алады.


Өткен оқу жылында Jas Leader Akademiiasy бағдарламасының бірінші кезеңінде Шымкент, Түркістан қалалары мен Түркістан облысының 12 500-ден астам оқушысы оқытудан өтті. Екінші кезең ішінде бағдарлама Қызылорда және Жамбыл облыстарындағы мектептерге де кеңейіп, тағы 10 мыңға жуық мектеп оқушылары көшбасшылық сыныбында оқитын болады. Одан әрі бағдарлама Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстарындағы мектептерге де таралады.