01.04.2022

Қиратушы тасқындардан зардап шеккен 1 000 астам адам 110 млн теңгеге көмек алды

Болат Өтемұратов Қоры Қазақстанның Қызыл Айы ұйымымен және ForteBank-пен бірге 110 млн теңгеден астам жалпы сомаға көктемгі су тасқыны нәтижесінде зардап шеккендерге “Көмек карталарын” берді. Атаулы қаржылық көмек Ақтөбе, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарына 224 отбасына қиратушы тасқындардың салдарын жоюға жіберілді.

Қаржылық көмек Павлодар облысындағы (Рождественка а. және Калиновка а.) 25 үй шаруашылығына (86 адам), Ақтөбе қаласындағы (Алматы және Астана аудандары) 127 отбасыға (660 адам), Батыс Қазақстан облысындағы (Шалғын, Аралтал және Жақсыбай, сондай-ақ Ақсай қ.) 72 отбасыға (359 адам) көрсетілді. Көмек алушылардың арасында жалғыз басты зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және бір ата-анасы бар отбасылар.
«Біз «Көмек картасы» жобасын бесінші жыл бойы жүргізіп келеміз, осы уақыт ішінде осындай жобалардың қажеттілігіне көз жеткіздік. Иелігінде белгілі бір сомасы болса, орташа есеппен бұл бір отбасыға 400 мың теңге, адамдар өздерін сенімді сезінеді және өз шығындарын өздері жоспарлай алады. Біздің тәжірибемізде алынған ақша жөндеуге немесе азық-түліктер мен дәрі – дәрмектерді сатып алуға жұмсалады», — деді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

«Мен бұл үйде 10 жылдан астам уақыт тұрдым, су бірінші рет біздің үйге кірді, біз бұны күткен жоқпыз, — деп еске алады Рождественское ауылының тұрғыны Татьяна Кох  — біз 5 минут ішінде заттарды, құжаттарды жинап, қызымыз бен бір жасар баламызды туыстарымызға қалаға жібердік, ал күйеуім екеуміз үйде қалып, жиһазды құтқаруға тырыстық.  Су үйде бір күннен артық тұрды. Осы уақыттың ішінде төрт бөлмедегі едендер толығымен дымқылданды, қабырғаның сылағы түсе бастады. 2 апта өткеніне қарамастан, үйде әлі де дымқылдық сезіледі, еден астында су балшылдайды. Сол үшін балаларым үйге қайта алмайды. Жөндеуді бастау үшін күннің жылынғанын күтіп отырмыз. Бір-бір бөлмеден жөндейміз деп ойлаймыз. Алдымен алған ақшаға еденге арналған жаңа тақтайлар сатып аламыз. Жаз ішінде жөндеуді аяқтаймыз деп үміттенемін».


Қазіргі уақытта су тасқыны азайды, тұрғындардың көпшілігі эвакуацияланды және уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылды, олардың өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді.
«Мен алған ақшаны үйімізді қалпына келтіру үшін пайдалануды жоспарлап отырмын. Қабырғаларымыз толықтай дымқылданды, бөлмелерді тұсқағаздар ашылып кетті, диванымыз тіпті жарамсыз күйде. Жұмыс өте көп. Бірақ алған көмектің арқасында жақын арада жөндеуді бастай аламыз», – дейді Ақтөбе қ. тұрғыны Динара Шалабаева.
Еске сала кетсек, Болат Өтемұратов Қорының, Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы және ForteBank бірлескен «Көмек картасы» жобасы алғаш рет 2018 жылы іске қосылды. Осы жылдар ішінде көктемгі су тасқыны салдарымен күресте 9 мыңнан астам қазақстандық 360 млн теңге сомаға көмек алды.