30.04.2021

Петропавлда көктемгі тасқыннан зардап шеккендер Болат Өтемұратовтың қорынан 43 млн. теңгеден астам қаражат алды

Қазақстанның Қызыл Жарты Ай, Болат Өтемұратов Қоры және Fortebank іске асырған «Көмек картасы» жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының 861 тұрғынына жалпы сомасы 43 млн. теңгеден астам қаржылай көмек көрсетіледі. Қардың қарқынды еруі нәтижесінде Петропавл қ. қала маңындағы саяжай аумағы су басқан аймақ аясында болды.

Қызыл Жарты Ай апаттарға ден қою тобы Петропавлдағы тасқыннан зардап шеккендердің жағдайы мен қажеттіліктерін бағалады.  Отбасының әр мүшесіне 50 мың теңге жатқан банк карталары 224 отбасыға беріледі.  Көмекті әлеуметтік осал топтар санатындағы азаматтар алады — жалғызбасты зейнеткерлер, аз қамтылған көп балалы отбасылар, мүгедектер және  су басқан үйлер жалғыз тұрғын үйі болып табылатын адамдар.


«Біздің елде адамдар көмекке шақыруларға зардап шеккендерге киім-кешек пен азық-түлік тапсыру арқылы тез жауап береді, сондықтан, әдетте, гуманитарлық көмектің тапшылығы сезілмейді.  Біз күш-жігерімізді қаржылық қолдау көрсетуге бағыттауға шешім қабылдадық.  Бұл жағдайда жәбірленушілер алынған қаражатты не үшін жұмсауды таңдауға мүмкіндік алады.  Біздің тәжірибемізге сүйенсек, көпшілік үйлер мен жиһаздарды қалпына келтіруден бастайды », — дейді Марат Айтмағамбетов, Болат Өтемұратов Қорының директоры.
Петропавлдағы саяжай аумағының тұрғындары су басу ауданында алғашқы рет емес.  Олар өткен жылы да көмек карталарын алушылардың қатарында болды.  «Біз судың шамамен қашан келетінін білеміз және алдын-ала дайындаламыз — жиһазды көтереміз, кілем ораймыз, балалар мен қарттарды қаладағы туыстарға жіберуге тырысамыз.  Биыл су бірнеше күн тұрды.  Былтыр жөнделген еден қайтадан қампайып, қабырғалар үгіле бастады.  Үй ылғалдан желдетілген бойда, оны қалпына келтіремін», — дейді жергілікті тұрғын Қайрат Серікбаев.
«Біз олардың жағдайымызға немқұрайлы қарамағандарына өте қуаныштымыз.  Сіз бірнеше жылдан бері көмектесіп отырсыз және тек осында ғана емес, бүкіл Қазақстанға көмектескеніңіз үшін рақмет», — дейді жәбірленушілер (жергілікті тұрғындардың сөздері орнында толықтырылады).


«Көмек картасы» бірлескен қайырымдылық жобасы 2018 жылдан бастап сәтті жүзеге асырылуда.  Осы айдың басында Болат Өтемұратовтың Қоры мен Қазақстанның Қызыл Жарты айы Қостанай облысы Қарасу ауданының зардап шеккен 200 тұрғынына 10 млн. теңге көлемінде көмек көрсетті.
Болат Өтемұратовтың Қоры және Қазақстанның Қызыл Жарты айы жергілікті ТЖ органдарымен бірлесіп, аймақтардағы жағдайды бақылап, ықтимал су тасқыны орындарына баруға дайын.