«БАЛАМЕКЕН» жобасы: Болат Өтемұратов Қоры көп балалы отбасылар үшін үйлердің құрылысына 450 миллион теңге бөлді
150 тұрмысы осал көп балалы отбасы облыс бюджеті қаражатының және Болат Өтемұратов Қорының қайырымдылық көмегінің есебінен баспанамен қамтамасыз етілетін болады.

150 тұрмысы осал көп балалы отбасы облыс бюджеті қаражатының және Болат Өтемұратов Қорының қайырымдылық көмегінің есебінен баспанамен қамтамасыз етілетін болады.
Арнайы құрылған жұмыс комиссиясы Қызылорда қаласы бойынша жайсыз тұрмыстық жағдайларда тұрып жатқан 150 өте мұқтаж тұрмысы осал көп балалы отбасыны анықтады. Нәтижесінде, жергілікті бюджеттің есебінен баспанамен 50 отбасы қамтамасыз етілетін болады және қалған 100 отбасы баспанаға Қор қаражатының есебінен ие болады.
Баспананың 1 шаршы метрінің құны 70 мың теңгені құрайды және отбасылар күзгі суық басталғанға дейін қоныстанып үлгеруі үшін, үйлердің құрылысын 1 қыркүйекке қарай аяқтау жоспарланады.
«Болат Өтемұратов Қорының мұраты – Қазақстанға бүгін және келешекте адамдар өмір сүруі үшін ең жақсы орынға айналуға көмектесу. Осы қағидатты ұстана отырып, біз көп балалы отбасылардың тұрғын үй мәселесінің шешімін көздейтін «Баламекен» жобасын іске асыруға үлесімізді қосуға және оларға арналған үйлердің құрылысына 450 миллион теңге мөлшерінде қаржылық қолдау көрсетуге қуаныштымыз», — деп атап өтті Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмагамбетов.