Болат Өтемұратов Қорының Аутизм туралы хабарландыру күніне қарай жобасы
2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні. Бұл Болат Өтемұратов Қоры үшін маңызды күн.

Наурыз айының барысында біз бұл оқиға туралы айтқан болатынбыз және, тіпті, мектеп жасындағы, үйінде оқитын аутистік спектрдің ауытқуы (АСА) бар балалар оған қатыса алатын әлеуметтік жобаны анонстадық..
Мектепте және үйде алған білімнің айырмашылығы жоқ. Бірақ мектептегі жылдардың бір тамашасы, біз онда сыныптастар, таныстар мен достар табамыз. Ал есейген уақытымызда, мектеп альбомы сол керемет уақыт туралы біздің есімізге салады.
Сондықтан біздің жобамыздың мақсаты үйінде білім алатын балаларға олардың жалғыз емес екендерін көрсету болды. Ата-аналардың белсене ат салысуының арқасында, бізге бүкіл Қазақстан бойынша СА бар 50 баланың басын қосудың және оларға арнап дәстүрлі мектеп альбомын жасаудың сәті түсті.
Біз фотоальбом сендерді келешекте ұлы жетістіктерге шабыттандырады және бойларыңда өз күшіңе және өз арманыңа деген сенімді қолдайтынына сенеміз.