Алматыда Болат Өтемұратов Қоры жобасының презентациясы өтті
“Баламан” жобасы қазақ және орыс тілдеріндегі дұрыс тамақтану және физикалық белсенділік туралы сауық-білім беру контентін құру арқылы Қазақстанда балалардың арасында салауатты өмір салтын ілгерілетеді.

31 қаңтарда «Баламан» жобасының презентациясы өтті. Жобаның мақсаты – қазақстандық балалар үшін салауатты өмір салты туралы танымдық және қызықты контент жасау.
“Баламан” жобасы қазақ және орыс тілдеріндегі дұрыс тамақтану және физикалық белсенділік туралы сауық-білім беру контентін құру арқылы Қазақстанда балалардың арасында салауатты өмір салтын ілгерілетеді. Жобаның шеңберінде танымдық видео, короткие анимациялық роликтер және түсінікті нысанда СӨС қағидаттары туралы әңгімелейтін басқа да қызықты материалдар жасалатын болады. Контент balaman.kz ресми сайтында, YouTube арнада және әлеуметтік желілерде жарияланатын болады. Жобаны танымал блогер Аминка-Витаминка және «Дауыс. Балалар» (Украина) жеңімпазы Данэлия Тулешова қолдады.
«Баламан» жобасының авторы дәрігер ғалым, биомедициналық және медиктік-демографиялық зерттеулер саласындағы маман, Болат Өтемұратов Қорының қамқоршы кеңесінің төрағасы доктор Алмаз Шарман болды.
«Жоба еліміздің келешегі олардың қолында болатын қазақстандықтардың жас буынын сауықтыруға бағытталған. Бағдарламаның мақсаттары Болат Өтемұратов Қорының мұратымен үндеседі. Биылғы жылы біз сапалы қызықты видеоконтент жасау бойынша орасан зор жұмысты жоспарладық. Біз жаңа заманауи форматтар арқылы ұсынылған салауатты өмір салты қағидатары балалар мен жасөспірімдердің назарын тартуға және ұстауға көмектесетініне сенімдіміз. Сонымен қатар, балалар өз құрдастарының кеңестерін көбірек ықыласпен қабылдайды және ереді. Сондықтан біз балалармен мүмкіндігінше олардың тілінде сөйлесуге және танымал балалар блогерлерін тартуға тырысамыз», — дейді Алмаз Шарман.
«Баламан» бағдарламасын 2017 жылы Қазақстан Профилактикалық медицина академиясы әзірлеген. Өткен жылы Болат Өтемұратов Қоры жобаны әрі қарай дамытуға 22 миллион теңге бөлді.
Бағдарламаның бастамашалының айтуынша, түсірілімлердің бірінші блогы еңді біткен. 2D-графика мен стоп-моушн анимациялар пайдаланылатын видеоматериалдары әрбір екі апта сайын шығару жоспарланады. Мұндай «Баламан» анимациялық роликтерін енді Қазақстанда «Кинопарк» желісінің барлық кинотеатрларында көруге болады.
Сайт: www.balaman.kz
Instagram: @balamankz
Facebook: @balamanprogram
Youtube: Balaman