ARTиШОК театры мен Болат Өтемұратов Қоры «Жаңа адамдар» деректі перформансын ұсынды
Иммерсивті театр жанрындағы қойылым «Асыл Мирас» аутизм орталығында өтті. Көріністің драматургиялық негізі Орталықтың кеңістігімен таныстық болды. Меймандар – журналисттер мен блогерлер – оның әдеттегі жұмыс таңына бойлады.

Иммерсивті театр жанрындағы қойылым «Асыл Мирас» аутизм орталығында өтті.
Көріністің драматургиялық негізі Орталықтың кеңістігімен таныстық болды. Меймандар – журналисттер мен блогерлер – оның әдеттегі жұмыс таңына бойлады. Спектакльдің кейіпкерлері – орталықтың қызметкері; өзгерістер көрінісі бар аутизмге шалдыққан баланың анасы; балалармен күн сайын жұмыс істейтін клиникалық педагог; жұбайы туған-туыстан жасырып (ұят!), баланың диагнозын мойындамайтын ауылдан келген әйел; аутистік спектрдің ауруы бар қыз баламен сұхбаттасатын журналист – өз хикаяларын әңгімеледі. Аутизм проблемасы нышандары мен салдарын білмеуді, қоғамнан шеттеуді, ауруы бар адамға дұрыс қарамауды, әлеуметтік стигматизацияны, ерекше баланың ішкі жан-дүниесін қоса алғанда, әр түрлі ракурстардан көрсетілді.
«Жаңа адамдар» деректі перформансының атауы «аутизм» диагнозы феноменін түсіндіру нұсқаларының біріне негізделеді. Авторлар нұсқалардың бірі бойынша, аутистер бәлкім, адамзаттың жаңа түрі болуы мүмкін екенін атап көрсетеді. Және олармен байланысты жолға қою, социумнан шеттетпеу, керісінше, жаңа адамдарға қоғамда бейімделуге сапалы түрде және, ең бастысы, уақыты көмектесу қажет. Қойылымның мақсаты «Асыл Мирас» аутизм орталығының аутист балалармен жұмысын көрсету және іс жүзінде прогресс жасайтын нәтижелер беретін орталықтың бірегей әдістері туралы айтып беру болды.
«ARTиШОК театрының «Жаңа адамдар» қойылымы – олардың көмегімен біз қазақстандықтардың аутизм мәселелеріндегі білімдерін кеңейтетін және тереңдететін іс-шаралардың бірі, — дейді Болат Өтемұратов Қорының бағдарламалық директоры Жаныл Мукашова. – Адамдардың, әсіресе жас ата-аналардың аутистік спектрдің ауруларының нышандары мен салдарын білмеуі – елеулі проблема. Соның салдарынан коррекцияны қажет ететін балалар мамандардың тарапынан тиісті көңіл бөлусіз қалады».
Сарапшы аутизм – ауру емес, баланың дамуының ерекше жағдайы екенін атап айтады. Ол коммуникациялардағы, әлеуметтік өзара әрекеттесудегі, мінез-құлықтағы олқылықтардан көрінуі мүмкін. Мұндай олқылықтар көпшілік жағдайларда түзетуге жатады және балада аутистік спектрдің бұзылушылығы неғұрлым ерте анықталса, коррекция соғұрлым тиімді болмақ. Баланың өмірінің және оның отбасының өмірінің сапасын әдеттегі деңгейде сақтауға болу үшін, оған ілгері-кемді дәрежеде араласу және дербестік машықтарын дарытуға болады.
Болат Өтемұратов Қоры «Аутизм. Дүние баршасы үшін біреу» бағдарламасын іске асыруда, оның шеңберінде Қазақстанның алты қаласында (Нұр-Сұлтанда, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Орал мен Өскеменде) «Асыл Мирас» аутизм орталықтары құрылып, онда Қордың мамандары аутистік спектрдің бұзылушылықтары бар балаларға қажетті машықтарды дамытуға өтеусіз негізде көмектеседі. Бүгінгі таңда Шымкент, Павлодар мен Петропавлда тағы үш аутизм орталығын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. 2015 жылдан бастап, «Асыл Мирас» орталықтарына 8 мыңнан астам бала қаралды. Қазіргі сәтке қарай 7,2 мың бала диагностикаға жазылған, 3,7 мың бала бағдарламаларға кірісті, 2,9 мыңы оларды аяқтады.