29.11.2022

Алматыда аутизм бойынша халықаралық конференция басталды

29 және 30 қарашада Алматыда Болат Өтемұратов Қоры мен Нархоз Университеті «АУТИЗМ. МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ» IV Халықаралық конференциясын өткізеді.

Конференцияда әлемдік деңгейдегі танымал 18 сарапшы — аутизмді зерттеу саласындағы жетекші халықаралық мамандар, озық әдістемелерді әзірлеушілер және аутизм спектрі бұзылған (АСБ) балалардың ата-аналары сөз сөйлейді.
Конференцияға қатысушылар арасында — ҚР білім, денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері, педагогтар мен психологтар, логопедтер мен дефектологтар, АСБ бар балалардың ата-аналары, сондай-ақ аутизм мәселелерімен айналысатын қоғамдық ұйымдар.

Спикерлердің сөз сөйлеуін Қордың YouTube-арнасынан сілтеме бойынша көруге болады

 

«Нархоз Университетінің жаңа кампусында өтетін аутизм бойынша жыл сайынғы конференциямызға ғылым кайраткерлері, тамаша ғалымдар тобы келді. Олар біз еліміздегі 11 «Асыл Мирас» аутизм орталықтарымызда табысты қабылдап, енгізіп жатқан озық технологиялар мен жаңа жетістіктер туралы әңгімелейді. Биылғы жылы конференция интерактивті форматта өтуде. Қатысушылар спикерлермен қарым-қатынас орнатып, әңгімелесе алады», — деп атап өтті Болат Өтемұратов Қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы, доктор Алмаз Шарман.
Конференцияның бірінші күні АҚШ, Польша және басқа елдердің АСБ саласындағы докторлары мен зерттеушілерінің дәрістері өтеді. Мысалы, Кейс Варго мен Энди Ши (Autism Speaks, Нью-Йорк, АҚШ) АСБ бар адамдар мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасын жақсартудың жаңа мүмкіндіктері туралы әңгімелейді.
Профессор Стивен Шор (Адельфи университеті, Нью-Йорк, АҚШ) аудиториямен аутизмнің төрт аспектісін қарастырады: толыққанды және өнімді өмірге жету жолында жете түсіну, қабылдау, бағалау және әрекет ету. Натан Колл, педиатрия профессоры (Маркус Аутизм Орталығы, Атланта, АҚШ) проблемалық мінез-құлықпен жұмыс істеу кезінде интервенцияның мінез-құлық әдістері бойынша тәжірибесімен бөліседі. АСБ бар балалар үшін мектептегі құрдастарымен қарым-қатынас туралы еңбек сіңірген профессор Конни Касари (Калифорния университеті, Лос-Анджелес, АҚШ) сөз сөйлейді.
Екінші күні Джеймс Партингтон, PhD, BCBA-D, кеңесші психолог, Калифорния, АҚШ , Александр Сорокин, б.ғ.к., «Хаскинс зертханасы», Нью-Йорк, АҚШ, Филиз Полат, PhD, профессор, Инклюзивті білім берудің жетекші ғылыми жетекшісі , Назарбаев Университеті, Джакомо Виванти, PhD, доцент, А. Дж. Дрексель атынд. университет, Филадельфия, АҚШ және басқалар сияқты танымал профессорлар мен мамандар сөз сөйлейді Мысалы, «Positive Behavioral Services of Four Corners» Колорадо, АҚШ, клиникалық директоры Антонина Шанграу АСБ бар балаларға арналған тиімді мінез-құлық жоспарын әзірлеу бойынша практикалық семинар өткізеді.
«Болат Өтемұратов Қоры ұйымдастырған осы маңызды халықаралық конференцияға жиналған барлық педагогтарды, мамандарды, дәрігерлерді және басқа да мамандарды қошеметтеймін. Менің және басқа ғалымдар мен зерттеушілердің баяндамалары сізге ұнайды деп үміттенемін, сіз жаңа және пайдалы нәрсені біле аласыз, осылайша бірге біз АСБ бар балалар мен олардың отбасыларының өміріне әсер ете аламыз», — деді доктор Джакомо Виванти өзінің қошеметтеу сөзінде.

Конференция бағдарламасымен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады: http://conference.utemuratovfund.org/