V халықаралық аутизм-конференциясында аймақтық Kasari Lab зертханасын ашу туралы ниет білдірді
Aутизм тақырыбы аясындағы әлемнің үздік сарапшылары «Асыл Мирас. Аутизм. Баршамызға бір әлем» атты V халықаралық конференциясына 26-27 қыркүйекте қатысады.

Аутизмді ерте анықтауға көмектесетін соңғы ғылыми жаңалықтар мен жаңа әдіс-тәсілдерді бөлісумен қатар, конференция аясында оқытушылар, АСБ бар балаларды тәрбиелеп жүрген ата-аналарға, сонымен қатар психология және педагогика бөлімдері студенттеріне тәжірибелік семинарлар өткізілетін болады.
Өзекті жаңалықтың бірі – ол Kasari Lab зертханасын Қазақстанда аймақтық орталығы ретінде ашу мүмкіндігі. Ол Болат Өтемұратов қоры мен Конни Касари (INSAR халықаралық аутизмді зерттеу қоғамының президенті, АҚШ-ғы Калифорния университетінің адам дамуы мен психологиясының құрметті профессоры, PhD) арасындағы меморандумға қол қою нәтижесінде пайда болғанын айтып кеткен жөн.
«Жал сайын Қазақстанда аутизм туралы ақпарат кеңінен таралып келуде, және де меморандумға қол қол қойылу – АСБ бар балаларды қолдаудағы жүйенің дамуына өз үлесін қосатынына нық сенімдіміз. Қазақстандық мамандар JASPER әдістемесін қолданып келуі қуантады, ал Болат Өтемұратов қорымен орнаған серіктестік нәтижесінде кәсіби әлеуметтік жұмысшылардың біліктілігн арттырып, қолдауға мүмкіндік беретін тиімді бағдарламаларды одан да көп аутизмі бар балаларды тәрбиелеп жүрген отбасыларға ұсынуға мүмкіндік беретіні сөзсіз», — деп жаңалыпен бөлісті Kasari lab негізін қалаушысы Конни Касари.
Халықаралық конференцияда Жозефина Барбаро (австралиялық Ла Троб университетінің қауымдастырылған профессоры, бас ғылыми қызметкер, психолог, аутизмді анықтау және диагностикалау бөлімінің директоры, PhD), Тереза Тавассоли (Ұлыбританияның Рединг университетінің қауымдастырылған профессоры, психология және тіл ғылымдары мектебінің PhD), Джонатан Панганибан (АҚШ-ғы Калияфорниялық университетттің JASPER Kasari Lab академиялық координаторы, PhD) және өзге де белгілі сарапшылары өз баяндамаларымен бөлісті. Олар аутизм спектріндегі бұзулуы (АСБ) бар нәрестелер мен жас балаларды ерте анықтау, ESDM әдістемесін қолданатын қашықтықтан оқыту туралы айтып өтті. Ал конференцияның екінші күнінде ерекше қажеттілікті талап ететін азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету тақырыбында сөз қозғайтын болады.
Болат Өтемұратов қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы – Алмаз Шарманның ойынша, бұл конференция пайдасы АСБ-ға тікелей қатысты адамдарға ғана емес, сонымен қатар аутизмді қалай анықтауға болатынын білмейтін және ондай адамдармен қалай қарым-қатынас жүргізуге болатынын білмейтін азаматтарға зор пайдасы тиетініне сенімді.
«Әлемде АСБ-ны орташа 4 жаста анықтайды. Бірақ ғылыми жетістіктер күннен күнге кеңейіп, заманауи анықтау әдіс-тәсілдер тиімділігі артып келуде. Осылайша, бүгінгі күні 0-3 жас аралығындағы сәбилерде АСБ-ны ерте анықтап, оларды қоғамға тез бейімдеуге болады. Ал қоғам олар туралы көбірек білуге мүмкіндіктері бары сөзсіз», — деп санайды Шарман мырза.
Екі күндік бағдарламамен толығырақ conference.utemuratovfund.org сайтында танысуға болады. Және де конференция аясында Болат Өтемұратов қоры мен ҚР Оқу-ағарту министірлігі, ҚР Еңбек және әлеуметті қорғау Министірлігі, сонымен қатар ҚР денсаулық Министірлігі арасында бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік беретін меморандумдарға қол қойылды.