Қызылорда қаласында Әлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған қашықтыққа жүгіру болды
Қызылорда тұрғындарының аутизм мәселелері жайында хабардар болу дәрежесін жоғарылату – осы мақсатта бүгін облыс орталығында бұқаралық спорттық жүгіру жарысы өткізілді. Іс-шара Болат Өтемұратов Қорының бастамасы бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Қызылорда тұрғындарының аутизм мәселелері жайында хабардар болу дәрежесін жоғарылату – осы мақсатта бүгін облыс орталығында бұқаралық спорттық жүгіру жарысы өткізілді. Іс-шара Болат Өтемұратов Қорының бастамасы бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
5,5 километр қашықтыққа жүгіру жарысы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2008 жылы Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні деп жариялаған 2 сәуірге орайластырылды.
«Аутизм мәселелерінде негізгі проблема азаматтардың арасында аутистік спектр ауруларының (РАС) нышандары мен салдарын білудің төмен деңгейі болып табылады, сондың себебінен коррекцияға мұқтаж балалар мамандар мен ата-аналардың тарапынан тиісті көңіл бөлусіз қалады. Ал аутизм дегеніміз – ауру емес, коммуникациялардағы, әлеуметтік өзара әрекеттесуде, мінез-құлықта олқылықтардан байқалатын баланың дамуының ерекше жай-күйі. Мұндай олқылықтар көпшілік жағдайларда түзетуге көнеді және балада РАС неғұрлым ерте анықталса, коррекция соғұрлым тиімді болмақ. Баланың өмірі мен оның отбасының өмірін әдеттегі деңгейде сақтауға болу үшін, оған белгілі бір дәрежеде араласу және дербестік машықтарын дарытуға болады. Сондықтан жұртшылықтың назарын аутизм проблемаларына аудару және жалпы хабардарлық деңгейін жоғарылату өте маңызды. Біз өзіміздің бұқаралық спорттық жүгіру жарысымызды тап осы себептен, назар аударту үшін өткіземіз», — деп атап өтті Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмагамбетов.
Болат Өтемұратов Қоры «Аутизм. Дүние баршасы үшін біреу» бағдарламасын іске асыруда, оның шеңберінде Қазақстанның алты қаласында «Асыл Мирас» аутизм орталықтары құрылып, оларда Қордың мамандары аутистік спектрдің аурулары бар балаларға қажетті машықтарды дамытуға ақысыз негізде көмектеседі. Қызылорда қаласында «Асыл Мирас» аутизм орталығы 2016 жылдың маусым айында ашылды, бүгінгі таңға қарай оған 500 отбасыдан астам жүгінген.
Болат Өтемұратов Қоры Қызылорда облысының Әкімдігіне, Қызылорда облысының Дене тәрбиесі және спорт басқармасына, «Қызылорда еріктілері» қоғамдық қорына іс-шарады өткізуде қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіреді.