2020 жылдың қараша айында Батырхан Шүкеновтің пошта маркасы айналымға енгізілді
Жақын адамдарыңның қолжазбасын тану қабілеті — олардың көпшілік арасында күлкісін есту, жүріс-тұрысы бойынша алыстан тану, көру қабілетіңіз -3.5 болса да, бейнесін ажырата білу сияқты білім саласынан. Алайда, басқа қалада тұратын досыңызға, жақын адамыңызға, ата-әжеңізге өз қолыңызбен хат жазғаныңыз есіңізде бар ба? Олардың қолжазбаларын білесіз бе? Олар сіздің қолжазбаңызды біледі ме?

Қазақстан Республикасының сандық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Батыр бейнеленген «Көркемөнер қайраткерлері» сериясының атаулы маркасын шығарды. Фотограф Жанарбек Аманқұлов әншінің Алматыдағы студиясында жасаған портреті марканың негізі болды.
Жоба Батырхан Шүкенов атындағы Қоғамдық қордың бастамасымен және Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен жүзеге асырылды.
Марканың шығуына #BatyrLetters науқаны орайластырылған, оның аясында азаматтар суретшінің бейнесі бар ашық хатты жақын адамына тегін жібере алады. Науқанның мақсаты — музыкантты еске алу және елдің әр түрлі қалаларындағы адамдарды біріктіру. Ашық хаттар жергілікті дизайнерлер мен суретшілер — Мими Ильницкая, Азиз Мелибаев, Нұрбол Нұрахмет және Әсел Нүсіпқожановамен бірлесіп жасалған. Науқан 16 желтоқсанға дейін созылады.
Алматының келесі он нүктелерінде #BatyrLetters пошталық жәшіктері орналастырылады:
1) «Алматыкітап баспасы» дүкені (Кітап үйі); Абай даңғ., 35/37, Назарбаев к.қиыл.
2) Төле би к. «Алматыкітап баспасы» дүкені; Төле Би, 40/1, Уәлиханов к.қиыл.
3) «Алматыкітап баспасы» дүкені (Арман); Гагарин к., 76 (Шевченко к.қиыл.)
4) “Книжный город” дүкені; Розыбакиев к., 281, ТРК «Mega center Alma-Ata” ССК жоғары
5) Бас Ботаникалық Бағы; Солтүстік кіріс: Тимирязев к., 36
6) ARTиШОК театры, Үлкен сахна; Гоголь, 40
7) “Petit Chocolate Coffee” кафесі; Қабанбай батыр 89, Абылай хан к.қиыл.
8) “Неделька” кафесі 1; Абай даңғ., 19
9) “Неделька” кафесі 3; Желтоксан к., 103
10) «Арман» кино орталығы; Достық даңғ., 104
«Биыл Батырдың өмірден кеткеніне бес жыл болды.
Бүкіл ел бойынша өздігінен өткен естелік іс-шаралар оның тұлғасының қазақстандықтар үшін қаншалықты жақын және маңызды болғанын көрсетті. Осы әдеттен тыс жылы біз адамдардың бір-біріне жиі жазғанын, жақын әрі мұқият болғанын қалаймыз. Қолмен жазылған жолдау әсіресе жылы екеніне сенімдіміз.
Біз әртіспен және оның шығармашылығымен байланысты баспа қызметімізді жалғастырудамыз — биылғы жылы естелік маркадан басқа Батырдың музыка, шығармашылық және оны өмір бойы мазалаған заттар туралы монологы ретінде кітап шығарамыз», — дейді Қордың қазіргі директоры Наргиз Шүкенова.
«Естелік ашық хатта қолмен жазылған жолдау ұялы мессенджердегі хабарламадан гөрі жылы әрі жақын. Мұндай хабарламаны арнайы адамға жіберетініміз анық. Және оның ішінде махаббат туралы жазамыз, оны Батыр өз композицияларында жырлаған, енді ашық хаттар арқылы өткізеді. Біздің #BatyrLetters естелік науқанымыз көптеген адамдарға жақындауға, татуласуға және қуанышты сәттерді еске түсіруге көмектеседі деп сенемін. Бұл қазіргі қиын кезеңде өте маңызды», — дейді Марат Айтмағамбетов, Болат Өтемұратов Қорының директоры.
Батырхан Шүкенов атынд. Қор мен Болат Өтемұратов Қоры 2018 жылы Батырдың шығармашылық мұрасын сақтау және әлемдік деңгейдегі қазақ музыканттарының жаңа буынын тәрбиелеу мақсатында басталған ынтымақтастықты жалғастыруда. Содан бері музыкалық мектептер мен университеттердің 22 дарынды оқушылары мен студенттері Батырхан Шүкеновтің атаулы шәкіртақысына ие болды, Батырдың қазақ тіліндегі өлеңдерінің ноталар жинақтары, барлық жеке шығармалары бар дискілердің естелік шығарылымы жарық көрді, жез үрмелі және ұрмалы аспаптарда орындаушылар конкурсы екі рет өткізілді.