Нұр-Сұлтан мен Алматыда Covid-19 вирусына скрининг өткізіледі
Болат Өтемұратов Қоры коронавирусқа қарсы күреске 200 миллион теңге бөлді және 94 мың экспресс-тест сатып алып, Нұр-Сұлтан мен Алматының денсаулық сақтау басқармаларына халықтың арасында скрининг жүргізу үшін тең бөліп берді.

Олардың көмегімен Covid-19 бір тамшы қан бойынша небәрі 15 минутта анықтауға болады. Тесттердің өздері ҚХР-да өндірілген, Еуропа Одағының аумағында міндетті сертификациядан және Алматыда Орталық референс-лабораторияда тексеруден өткен.
Кім тегін тестілеуден өте алады:
- медициналық қызметкерлер
- құқық қорғау органдарының қызметкерлері
- коммуналдық қызмет қызметкерлері
- АРВИ симптомдары бар адамдар
- қоғамдық көлік жүргізушілері
- стационарлардағы созылмалы аурулары бар адамдар
- ауру жұқтырғандармен араласқан немесе зарар ошағында өмір сүретін адамдар
- авто-өткел пункттері арқылы шетелден келген адамдар
Экспресс-тестілеу стационарларда, жедел жәрдем машиналарында, мобильді пункттер мен блокпосттарда, автомобиль және темір жол шекаралық станцияларында жүргізілетін болады.
Консультация алу үшін, 1406 нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз. Тестке тіркелу үшін https://formcovid.eisz.kz/index.html сайтында анкета толтырыңыз.