ПЕТРОПАВЛДА «АСЫЛ МИРАС» АУТИЗМ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
2019 жылғы 3 қазанда Петропавл қаласында «Асыл Мирас» аутизм орталығының салтанатты ашылуы өтті. Орталық Солтүстік Қазақстан облысының Білім беру басқармасының, Петропавл қаласының білім беру бөлімінің және Болат Өтемұратов Қорының бірлескен жобасының шеңберінде ашылды.

Аутизммен және интервенциямен байланысты мәселелердің өзектілігі бүкіл дүние жүзінде жылдан жылға өсіп келеді. СDC (АҚШ ауруларды бақылау және алдын ала жөніндегі орталығы) деректері бойынша, бүгінгі таңда әлемде 59 баланың біреуінде аутистік спектрдің ауруы (РАС) диагнозы анықталуда. Бұл орайда, ұл балаларда аутиз қыз балаларға қарағанда төрт есе жиі анықталады – 37 ұл баланың біреуінде РАС бар. Үздк әлемдік практикалар мен интервенция әдістерін енгізу үшін, Болат Өтемұратов Қоры Қазақстанда РАС бар балаларға көмектің неғұрлым тиімді әдістемелерін зерделеуге және енгізуге бағытталған «Аутизм. Дүние баршасы үшін біреу» бағдарламасын іске асырады. Бүгінгі таңда Қазақстанның енді сегіз қаласында Болат Өтемұратов Қорының қанатының астында РАС бар балаларды ерте анықтау және олардың өздері мен отбасыларына уақытылы көмек көрсету, сондай-ақ оларды әлеуметтік бейімдеу жүйесін пайдаланатын «Асыл Мирас» аутизм орталықтары табысты іс-әрекет етеді. Білікті реабилитациялық көмек және әлеуметтік өмірге қосылуда көмек енді Петропавл мен Солтүстік Қазақстан облысының РАС бар балалары қол жететінге айналды.
Облыстық Білім беру басқармасының деректері бойынша, облыста ерекше білім алу қажеттіліктері бар 0 жастан 18 жасқа дейінгі 4 мыңнан астам бала және «аутизм», «аутистік спектрдің ауруы» диагнозы бар 400 баладан астам өмір сүреді. «Асыл Мирас» аутизм орталығы – оқып-үйренген клиникалық мамандар, өз арсеналында заманауи арнайы әдістемелерді, құралдарды, РАС бар балалармен жұмыс істеу технологияларын пайдаланып, РАС бар балаларды психологтық-педагогтық коррекциялау және сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсететін заманауи кеңістік. Сонымен қатар, Орталықтың шеңберінде РАС бар балалардың ата-аналары мен жақын айналасы ақпараттық қолдау, педагогтардың арнаулы консультациялық және білім беру көмегін ала алады. Облыста РАС бар балалар үшін мұндай арнайы Орталықтың ашылуы уақытылы, өзекті болып табылады және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған қызметтердің сапасының жақсаруына жәрдемдесетін болады.
«Асыл Мирас» аутизм орталығының салтанатты ашылу рәсіміне балалар мен ата-аналар, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Аксакалов Кумар Иргибаевич, Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмагамбетов, облыстың, қаланың мемлекеттік білім беру құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ Болат Өтемұратов Қорының өкілдері қатысты.