24.02.2020

Коммерциялық емес ұйымдардың назарына

Болат Өтемұратов Қоры мүдделі коммерциялық емес ұйымдардың арасында халықтың арасында ақпараттық науқандар өткізуге жобалар конкурсын жариялайды.

Болат Өтемұратов Қоры «Аутизм. Дүние баршасы үшін біреу» бағдарламасын іске асырады. Бағдарламаның мақсаты – аутистік спектрдің аурулары бар балалармен жұмыстың үздік әлемдік практикаларын енгізу. Қор Қазақстанның сегіз қаласында «Асыл Мирас» аутизм орталықтары желісін құрды, онда оқып-үйретілген мамандар РАС бар балалар мен олардың отбасыларына қажетті машықтарды дамыту бойынша кәсіби педагогикалық және психологиялық қолдау көрсетеді.
2008 жылы аутистік спектрдің аурулары бар адамдардың өмір сапасын арттыруға болысудың қажеттілігіне әлем жұртшылығының назарын аудару үшін, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2 сәуірді Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні деп жариялады.
Болат Өтемұратов Қоры мүдделі коммерциялық емес ұйымдардың арасында халықтың арасында ақпараттық науқандар өткізуге жобалар конкурсын жариялайды.
Науқандардың мақсаты – жұртшылық топтарына балалар аутизмімен байланысты мәселелер туралы ақпарат беру.
Іске асыру мерзімдері – 2020 жылдың сәуір айының барысы.
Конкурсқа қатысу үшін төмендегіні көрсете отырып, өтінім жолдау қажет:
•    Ақпараттық науқанның нысаналы аудиториясы
•    Ақпараттық науқанның механикасы, іс-шаралар, ақпараттық мазмұны
•    Күтілетін нәтижелер
•    Смета
Өтінімдерді 2020 жылғы 17 наурызды қоса алғанға дейін, мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: axenova@utemuratovfund.org
Конкурстың қорытындылары Алматы қаласында 2020 жылғы 2 және 3 сәуірде өтетін «Аутизм. Мүмкіншіліктер әлемі» халықаралық конференциясының барысында шығарылады.