09.09.2019

KAZDENTEXPO-ЮГ-2019» көрмесінің орталық тақырыбы балалар аутизмі мәселелері болмақ

Шымкент қаласында 2019 жылғы 17-18 қыркүйекте өтетін «KAZDENTEXPO-ЮГ-2019» көрмесінің орталық тақырыбы балалар аутизмі мәселелері болмақ.

СDC (АҚШ ауруларды бақылау және профилактикасы жөніндегі орталығы) деректері бойынша, соңғы жылдары аутистік спектр аурулары (РАС) диагнозы анықталған балалардың саны өсті. Егер 2000 жылы аутизм диагнозы 150 баланың біреуінде анықталса, енді бүгінгі таңда – 59 баланың біреуінде анықталады.

Жүріс-тұрысының, коммуникациялары мен өзара әрекеттестіктің ерекшеліктеріне байланысты, аутизмі бар балалар стоматолог дәрігердің ерекше назар аударуын және стоматологиялық қабылдауға бейімдеуді қажет етеді, бірақ Қазақстанда РАС бар балалармен жұмыс істейтін балалар стоматологтары мен педагогтар үшін арнайы оқып-үйрету бағдарламалары жоқ.

«KAZDENTEXPO-2019» халықаралық арнаулы стоматологиялық көрмесінің Ұйымдастырушылық комитеті және Алматы Дипломнан кейін оқу стоматологиялық институты (АДОСИ) Болат Өтемұратовтың қайырымдылық Қорының қолдауымен ҚР аумағындағы тұңғыш «Балалар стоматологиясы және аутизм» әлеуметтік жобасының ашылуына бастамашылар болды. «Балалар стоматологиясы және аутизм» жобасының жетекшісі – медициналық ғылымдар докторы, профессор, АДОСИ инновациялар жөніндегі проректоры Супиева Эльмира Тургановна. Жобаны іске асырудағы алғашқы қадам 2019 жылдың мамыр айында Алматыда «KAZDENTEXPO-2019» көрмесінің шеңберінде «Аутистік спектр аурулары бар баалардың стоматологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары» семинар-тренингін өткізу болды. Семинар-тренингке балалар стоматологтары және Болат Өтемұратов Қоры алматылық «Асыл Мирас» аутизм орталығының коррекция бағдарламаларына қатысатын аутизмі бар балалардың ата-аналары қатысты. Семинар-тренингтің спикері медициналық ғылымдар докторы, Киев медициналық университетінің (Киев қаласы, Украина) балалар терапевтік стоматологиясы кафедрасының меңгерушісі профессор Якубова Инесса Игоревна болды. Демеушісі: R.O.C.S. сауда маркасымен Диарси Глобал компаниясы (Ресей Федерациясы).

Жоба онда Болат Өтемұратов Қоры өзінің «Аутизм. Дүние баршасы үшін біреу» бағдарламасының шеңберінде үстіміздегі жылдың маусым айында еліміздегі жетінші «Асыл Мирас» аутизм орталығын ашқан Шымкент қаласында жалғасын тапты. 17 қыркүйекте онда «Аутистік спектрдің аурулары бар балалардың стоматологиялық статусы мен емделу ерекшеліктері» тақырыбына педагогтарға арналған семинар-тренинг өткізіледі. Тренер ретінде медициналық ғылымдар докторы, «Астана Медициналық университеті» АҚ (Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан) ортопедиялық және балалар стоматология кафедрасының профессоры Замураева Алма Уахитовна баяндама жасайды. Сонымен қатар, «KAZDENTEXPO-ЮГ-2019» көрмесінің шеңберінде «Болашақтың стоматологиясы – табысқа апаратын жол» халықаралық стоматологтар конгресінде атауы бір баяндаманың презентациясы өтеді. Демеушісі: DMG сауда маркасымен (Германия) Concept компаниясы (Қазақстан).

Болат Өтемұратов Қоры «Аутизм. Дүние баршасы үшін біреу» бағдарламасын іске асыруда, оның шеңберінде Қазақстанның жеті қаласында (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қызылорда, Орал мен Өскеменде) «Асыл Мирас» аутизм орталықтары құрылып, оларда Қордың мамандары өтеусіз негізде аутистік спектрдің аурулары бар балаларға қажетті машықтарды дамытуға көмектеседі. Қазіргі уақытта Шымкент, Павлодар мен Петропавлда тағы үш аутизм орталығын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. 2015 жылдан бастап, «Асыл Мирас» орталықтарына 8 мыңнан астам бала қатысты. Бүгінгі таңға 7,2 мыңға жуық бала диагностикалауға жазылған, 3,7 мың бала бағдарламаларға түсті, 2,9 мыңы оларды аяқтады.