10.02.2020

ЖАҢАҚАЛА АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ 58 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚ АЛДЫ

10 ақпанда Болат Өтемұратов Қоры VII Burabike Fest 2019 спорттық-музыкалық фестивалінің бенефициары ретінде таңдалған Жаңақала аудандық ауруханасына (Батыс Қазақстан облысы) 58 миллион теңге жалпы сомаға жаңа медициналық жабдық табыстады.

Қайырымдылық іс-шара Ақмола облысы Бурабай курорттық аймағында 2013 жылдан бері өткізіледі. Барлық ақша жиындары, атап айтқанда тіркеу жарналары, демеушілік құрмалдықтар, қайырымдылық аукциондар мен брендті спорттық киім-кешек дүкенінің түсімі дәстүр бойынша басым түрде Қазақстанның аймақтарындағы ауруханалар, перинаталдық орталықтар мен емханалар үшін өмірлік маңызды медициналық жабдық сатып алуға жұмсалады. Burabike Fest ұйымдастырушылары Болат Өтемұратов Қоры мен Rixos Borovoe отелі болып табылады.


Табысталған жабдыққа бүкіл жарақтамасымен бірге жалпы құны 44 миллион теңге Mercedes-Benz Sprinter маркасының заманауи реанимобилі, сондай-ақ құны 14 миллион теңге өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараты кіреді. Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы сегіз ауылдық округтан тұрады, онда шамамен 25 000 адам өмір сүреді. Оларға 45 төсек-орынға арналған Жаңақала орталық аудандық ауруханасы қызмет көрсетеді. Бұл мал шаруашылығы аймағы болғандықтан, елді мекендер бір-бірінен үлкен қашықтықта жатады. Ауданның аумағы солтүстік оңтүстікке қарай 200 км созылып жатыр, ал Жаңақаладан ең шалғай кент 90 км, облыс орталығы Орал – 250 км астам қашықтықта орналасқан. Аурухана бес емдеу амбулаториясы мен үш фельдшерлік пункттен пациенттерді оперативті тасымалдау үшін, сондай-ақ сыни ахуалда жатқан адамдарды облыстық орталық Оралдағы ауруханаларға жеткізу үшін жаңа реанимобильге өте зәру болды.


Аурухананың ӨЖЖ аппаратына мұқтаждығы одан кем болмады. Оның орнына дәрігерлер оттек жіберуді реттеуге мүмкіндік бермейтін, соның себебінен пациенттің тыныс жолдарының механикалық жарақаттарын алуы мүмкін болған ескірген наркоз-тыныс аппаратын пайдалануға мәжбүр болды.
Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин аурухана ұжымы мен аймақ тұрғындарының атынан Болат Өтемұратов Қорына алғысын білдірді. «Ауданымызға ауруханамызға арналған жап-жаңа жабдық түріндегі Сіздердің көмегіңізге баға жетпейді, оның арқасында дәрігерлер біздің отандастарымызды жақсырақ емдеп, өмірлерін сақтап қала алады», — деді ол.
«Burabike Fest 2019 қатысушылары мен демеушілерінің арқасында қайырымдылық жиынның сомасы рекордтық 300,2 миллион теңге құрады. Бүкіл ел бойынша сегіз медициналық мекеме оларға пациенттеріне ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруға көмектесетін жабдық алады. Олардың қатарында – Жаңақала аудандық ауруханасы. Біз аймақтың әлеуметтік дамуына, медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға өз үлесімізді қосу мүмкіндігіне қуаныштымыз. Жаңақалалықтарға мықты денсаулық тілейміз», — деп атап өтті Болат Өтемұратов Қоры директоры Марат Айтмағамбетов.
Үстіміздегі жылы Burabike Fest 29 және 30 тамызда өтеді. Болат Өтемұратов Қоры әлеуеттегі бенефициарлардан медициналық жабдық сатып алуға өтінімдер қабылдайды.