Жезқазғанда салынатын жаңа Оқушылар сарайы қандай болмақ
Жезқазғанда жаңа Оқушылар сарайының іргетасы рәсімі салтанатты түрде өтті. Бұл қала үшін маңызды оқиға болды.

Құны 7 миллион доллар тұратын нысан өңірдің балалар мен жасөспірімдеріне арналған қосымша білім берудің флагмандық орталығына айналады. Бұл жер шығармашылыққа, ғылымға және спортқа жаңа мүмкіндіктер ашады.
Жезқазғанда жаңа Оқушылар сарайының іргетасы рәсімі салтанатты түрде өтті. Бұл қала үшін маңызды оқиға болды.
Құрылыс пен жабдықтау шығындарын толықтай Болат Өтемұратов Қоры өз мойнына алды және жобаны толық сүйемелдейтін болады. Құрылыс аяқталған соң нысан Жезқазған әкімдігінің балансына тегін беріледі.
Орталықты дәл Жезқазғанда салу туралы шешім кездейсоқ қабылданған жоқ: Ұлытау облысы — жаңа әрі қарқынды дамып келе жатқан облыс, ал балалардың саны мұнда жыл сайын арта түсуде. Жаңа Оқушылар сарай осы талаптарға жауап беретін заманауи орын болуға лайық және өңірді дамытудағы маңызды қадам болмақ.
Болашақ Оқушылар сарайының символдық іргетасы салтанатты жағдайда қаланды. Салтанатқа Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, Болат Өтемұратов Қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман және Қордың директоры Айнұр Кәрібозова қатысты.
«Оқушылар сарайы – бұл жай ғана жаңа инфрақұрылым емес, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың қажеттіліктеріне дер кезінде берілген жауап. Бүгінде Жезқазғанда қосымша білім беру мен балаларды дамытуға арналған заманауи орындар тапшы. Болат Өтемұратов Қорының жаңа орталықты құруға қолдау білдіргеніне алғыс айтамыз. Бұл орталық балаларға шығармашылыққа, ғылым мен спортқа кең мүмкіндік береді», – деді Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков.
Ғимараттың жалпы аумағы 2600 шаршы метрді құрайды, оны бір мезгілде 250 балаға дейін пайдалана алады. Ішінде акт залы, медиаорталық, хореография және жекпе-жек залдары, сенсорлық бөлмелер, фотостудия мен музыкалық кабинеттер, сондай-ақ цифрлық өнер, робототехника, жаратылыстану және нақты ғылымдарды біріктіретін мамандандырылған STEM-орталығы орналасады.
Көршілес аумақта балалар және спорт алаңдары, демалыс аймақтары, автотұрақ пен көгалдандыру қарастырылады. Ғимарат толықтай мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделіп, қауіпсіздік пен энергия тиімділігі талаптарына сай болады. Құрылыстың 2026 жылдың маусым айында аяқталуы күтілуде.
«Біз әрбір баланың тұрғылықты жеріне қарамастан, сапалы дамуға тең қолжетімділікке ие болу керек деп сенеміз. Оқушылар сарайы – идеялар туатын, мінез қалыптасатын, таланттар ашылатын орынға айналады. Біз осы маңызды жобаның бір бөлігі болғанымызды мақтан тұтамыз», – деді Болат Өтемұратов Қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман.