Жасыл Мектеп» жобасы оқушылардың экологиялық санасын, практикалық дағдылары мен ғылыми ойлауын дамытуға бағытталған. Жоба мемлекеттік мектептерде жылыжай салуды көздейді, 2021 жылы қала колледждерінің біріндегі жылыжайды қоса алғанда, Алматыда 16 жылыжай, 2022 жылы Астанада 20 жылыжай орнатылды. Жылыжайлардағы сабақтар мектеп бағдарламасын пайдалы және қызықты факультатив сабақтармен толықтыруға мүмкіндік береді. Жылыжайлардағы сыныптан тыс жұмыстар балалардың жауапкершілігін арттыруға, […]
Болат Өтемұратов Қоры Америкалық Сауда Палатасының премиясын алды
Жеңімпаздар тәуелсіз комиссияның дауыс беру нәтижелері бойынша анықталды.
Нұр-Сұлтанда «Жасыл мектептер» жобасы іске қосылды
Елордада «Жасыл мектеп» жобасы таныстырылды, оның аясында жалпы білім беретін 20 мектепте жыл бойы жұмыс істейтін жылыжайлар салынады. Бүгін Нұрсұлтан қаласының әкімдігіне алғашқы жылыжай таныстырылды. Болат Өтемұратов Қоры жүзеге асырып жатқан жоба эко білім беруді және табиғатқа жанашырлық танытуды дамытуға бағытталған. Ол Алматы мектептерінде жемісті іске асырылып жатыр, өткен оқу жылында жобаға қатысушылар жалпы салмағы 1,26 тонна өнім жинаған. Елордалық оқушылар бастамаға жаңа оқу жылынан бастап атсалысады.
2021 жылы Болат Өтемұратов Қоры денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және мұқтаж адамдарға қолдау көрсету саласындағы жобаларға 3 миллиард теңге қаражат бөлді. Қордың Қамқоршылар Кеңесінің төрағасы, доктор Алмаз Шарман 2021 жылы Қор жұмыс істеген он сегіз жоба туралы әңгімеледі. Оның ішінде «Аутизм. Барлығына бір әлем» жобасының кеңейтілуі, «Жасыл Мектеп», «Jas Leader Akademiiasy» жобалары, табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету және мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жобалары.
Алматылық оқушылар «Жасыл мектеп» жылыжайларында көкөніс егіп, оны өздері тұтынады
Биылғы оқу жылында тәлімгерлер биология бойынша тәжірибелік және факультативтік сабақтарын жылыжайда өткізеді. Алматыда пилоттық негізде басталған «Жасыл мектеп» жобасы аясында оқушылар жылыжайда көкөніс егіп, оны өздері тұтына алады. Жылыжайлардың бірінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев та болып, қияр тұқымын екті
Болат Өтемұратов Қоры «жасыл мектептер» жобасын іске қосу туралы жариялайды
Жобаның бірінші кезеңі Болат Өтемұратов Қоры 16 мемлекеттік мектепте жылыжай орнататын Алматы қаласынан басталады. Алдағы екі жылда тағы 40 жылыжай орнатылатын Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары осы бастамаға қосылады. Алғашқы жылыжай Алматы қаласы Жетісу ауданының № 177 мектебінде ашылды.