Жезқазған қаласындағы Оқушылар сарайы
Жезқазғанда бой көтеретін жаңа Оқушылар сарайы — өңірдегі балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуына арналған заманауи қосымша білім беру орталығы. Жалпы аумағы 2 603 шаршы метрді құрайтын ғимарат бір уақытта 250 оқушыны қабылдай алады.
Орталықта цифрлық өнер, робототехника, жаратылыстану және дәл ғылымдар студиялары, хореография және жекпе-жек залдары, сенсорлық бөлмелер, акт залы, медиаорталық, фотостудия және музыка сыныптары жұмыс істейді.
Ғимарат энергия үнемділігі, қауіпсіздігі және қолжетімділігі бойынша барлық талаптарға сай салынады. Ол қозғалысы шектеулі жандар үшін толық бейімделген: пандустармен, тактильді бағыттау жүйесімен және кедергісіз орта элементтерімен жабдықталады. Көршілес аумақта балалар және спорт алаңдары, демалыс орындары мен автотұрақ қарастырылған.
Нысанды пайдалануға беру 2026 жылғы маусым айына жоспарланған.
- 7 млн АҚШ доллары жоба бюджеті
- 2 603 м² орталықтың жалпы аумағы
- 2026 жылғы маусым құрылыстың аяқталу мерзімі










