Jas Leader Akademiiasy

Jas Leader Akademiiasy

Жоба туралы

Болат Өтемұратов қоры Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында Jas Leader Akademiiasy бағдарламасын іске асыруда.

Бағдарламаның мақсаты - 5-11 сынып оқушылары арасында көшбасшылық қабілеттерді қолдап, дамыту және мектепте оқытпайтын, бірақ сұраныстағы дағдыларды үйрету.

Оқушыларға қарым-қатынас, критикалық ойлау негіздерін, көпшілік алдында сөйлеу және келіссөз жүргізу дағдыларын тиімді пайдалануды үйретеді. Факультативті сабақтар, ай сайынғы кездесулер, шеберлік сыныптар, танымал тұлғалардың қатысуымен көшбасшылық тренингтер және үздік оқушылар марапатталатын жыл сайынғы конференциялар жоспарланған.  

Алдағы үш жыл ішінде бағдарламаға Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстары біртіндеп қосылады.

  • 5 млн долларов

    жобаның жалпы бюджеті

  • 5 жыл 

    жобаны іске асыру мерзімдері

  • 12 мың мектеп оқушысы

    бірінші жылы оқытылады