2023 жылы Болат Өтемұратов Қоры 40,3 млрд теңгені денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылым мен табиғи апаттық жағдай кездерінде зардап шеккен жандарға бөлді.
2021 жылы Болат Өтемұратов Қоры денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және мұқтаж адамдарға қолдау көрсету саласындағы жобаларға 3 миллиард теңге қаражат бөлді. Қордың Қамқоршылар Кеңесінің төрағасы, доктор Алмаз Шарман 2021 жылы Қор жұмыс істеген он сегіз жоба туралы әңгімеледі. Оның ішінде «Аутизм. Барлығына бір әлем» жобасының кеңейтілуі, «Жасыл Мектеп», «Jas Leader Akademiiasy» жобалары, табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету және мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жобалары.
Болат Өтемұратов Қоры 2019 жылы қайырымдылық жобаларына 6 млрд. астам теңге бөлді
Болат Өтемұратов Қоры 2019 жылы өзінің қызметін кеңейтті. Қайырымдылық жобаларына бөлінген жалпы сома 6 миллиард теңгеден астам құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан алты есе көп. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен Қордың Қамқоршылар Кеңесінің қорытындылары бойынша баспасөз конференциясында жарияланды. Жыл қорытындыларын Қамқоршылар Кеңесінің мүшелері Алмаз Шарман, Олжас Сүлейменов, Жәния Әубакірова және Қордың директоры Марат Айтмағамбетов шығарды.