Жезқазған қаласындағы Оқушылар сарайы
Жезқазғанда бой көтеретін жаңа Оқушылар сарайы — өңірдегі балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуына арналған заманауи қосымша білім беру орталығы. Жалпы аумағы 2 603 шаршы метрді құрайтын ғимарат бір уақытта 250 оқушыны қабылдай алады. Орталықта цифрлық өнер, робототехника, жаратылыстану және дәл ғылымдар студиялары, хореография және жекпе-жек залдары, сенсорлық бөлмелер, акт залы, медиаорталық, фотостудия және музыка сыныптары […]
Небәрі 10 жыл ішінде Қор Қазақстандағы қайырымдылық жобаларына 98,4 млрд теңгеден астам инвестиция салды.
Қызылордада жаңа әуежай терминалы ашылды
Қызылорда қаласында 12 қарашада премьер-министр Олжас Бектенов Қорқыт Ата әуежайының жаңа жолаушылар терминалының ғимаратын ашты.
Қызылорда әуежайындағы жаңа терминал беделді EUROBAK сыйлығымен марапатталды
Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата әуежайының жаңа жолаушылар терминалы өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытудың маңызды бөлігіне айналады.
Қызылордадағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалы
Болат Өтемұратов қоры «Верный капитал» компаниялар тобымен бірлесіп, жалпы ауданы 7,5 мың шаршы метр жаңа жолаушылар терминалын салып, қаланың коммуналдық меншігіне берді. Терминал заманауи жабдықтармен, соның ішінде телескопиялық траппен, багажды автоматты түрде беру және өңдеу жүйесімен, сондай-ақ транзиттік жолаушылар мен VIP мәртебесі бар клиенттерге арналған залдармен жабдықталған. Құрылыс кезінде халықаралық брендтердің жабдықтары, технологиялары мен материалдары […]
2023 жылы Болат Өтемұратов Қоры 40,3 млрд теңгені денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылым мен табиғи апаттық жағдай кездерінде зардап шеккен жандарға бөлді.
Болат Өтемұратов Қоры Қызылорда әуежайындағы жаңа жолаушылар терминалының жобасын ұсынды
Болат Өтемұратов Қоры Қорқыт ата әуежайындағы жаңа жолаушылар терминалының жобасын ұсынды. «Верный Капитал» тобы жүзеге асырып жатқан жобаның бағалау құны шамамен 25 миллион АҚШ долларын құрайды. Құрылыс аяқталғаннан кейін нысан қаланың коммуналдық меншігіне тегін беріледі.
2021 жылы Болат Өтемұратов Қоры денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және мұқтаж адамдарға қолдау көрсету саласындағы жобаларға 3 миллиард теңге қаражат бөлді. Қордың Қамқоршылар Кеңесінің төрағасы, доктор Алмаз Шарман 2021 жылы Қор жұмыс істеген он сегіз жоба туралы әңгімеледі. Оның ішінде «Аутизм. Барлығына бір әлем» жобасының кеңейтілуі, «Жасыл Мектеп», «Jas Leader Akademiiasy» жобалары, табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету және мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жобалары.
Болат Өтемұратов қоры Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалын салады
Қызылорда облысының әкімдігі «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалын салу бойынша Болат Өтемұратов қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.