Алматыда Орталық Азия композиторлары үшін BATYR LAB резиденциясының нәтижелері ұсынылды
2021 жылы Батырхан Шөкенов атындағы қоғамдық қоры мен Болат Өтемұратов Қоры құрған Орталық Азия композиторларына арналған Батыр зертханасының екінші резиденциясы аяқталды.
Болат Өтемұратов Қоры Қостанай облысында үйінен айырылған 100 отбасыға көмек көрсетті
Өрт салдарынан үйлері толығымен жанып кеткен Қостанай облысының Әулиекөл және Қарасу аудандарының тұрғындары Болат Өтемұратов Қорының «Көмек картасы» жобасы аясында әрқайсысы 1 млн теңгеден алды.
Болат Өтемұратов Қоры Қостанай облысына көмекке 1,1 млрд теңге бөледі
Болат Өтемұратов Қоры Қостанай облысы Әулиекөл ауданының орталық ауруханасының базасында инсульт орталығын құруға және қондырғылармен қамтуға 1 млрд теңге бөледі. Үйлері өртеніп кеткен отбасылар 1 млн теңге көлемінде атаулы көмек алады.
Джокович, Алькарас, Медведев және Оже-Альяссим Астанадағы аутизм орталығында болды
Беделді жарыстағы матчтарының қарсаңында теннисшілер әлеуметтік іс-шараларға уақыт бөлді, деп хабарлайды ҚТФ. Елордадағы «Асыл Мирас» аутизм орталығына келген балалар мен ата-аналар спорт жұлдыздарын алғашқылардың бірі болып қарсы алды. Болат Өтемұратов Қоры аутизмі бар балаларға арналған осындай орталықтарды Қазақстанның 10 қаласында ашты
Болат Өтемұратов Қоры жаңа кезеңі Қызылорда мен Жамбыл облысының оқушыларына арналған Jas Leader Akademiiasy бағдарламасына қолдау көрсетеді. Әр өңірде 25 мектептен 75 мұғалім 5-11 сынып оқушыларына көшбасшылық қасиеттерді дамытуға көмектесетін әдістемелік оқудан өтеді. Балаларға мектепте оқытылмаған сұранысқа ие дағдылар үйретіледі — бұл қатысым дағдылары, аудитория алдында сөйлеу, уақытты жоспарлау және басқару, өзін-өзі таныстыру және өзіне деген сенімділікті дамыту.
Алматыда өткен форумға Jas Leader Akademiiasy бағдарламасының 450-ге жуық түлегі қатысты
Болат Өтемұратов Қорының Jas Leader Akademiiasy бағдарламасы 2021 жылы Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 50 мектебінде іске қосылды. Оқу жылы ішінде 5-11-сыныптардың 12,5 мыңға жуық оқушысы сыни тұрғыдан ойлауға, топта жұмыс істеуге, көпшілік алдында сөз сөйлеп, өз пікірін дәлелді жеткізуге үйренді. Жоғары белсенділік пен ынта танытқан 450 мектеп оқушысы Алматыда екі лекпен өтіп, 17 шілдеде аяқталған бірінші Jas Leader форумының қатысушысы болды.
Нұр-Сұлтанда «Жасыл мектептер» жобасы іске қосылды
Елордада «Жасыл мектеп» жобасы таныстырылды, оның аясында жалпы білім беретін 20 мектепте жыл бойы жұмыс істейтін жылыжайлар салынады. Бүгін Нұрсұлтан қаласының әкімдігіне алғашқы жылыжай таныстырылды. Болат Өтемұратов Қоры жүзеге асырып жатқан жоба эко білім беруді және табиғатқа жанашырлық танытуды дамытуға бағытталған. Ол Алматы мектептерінде жемісті іске асырылып жатыр, өткен оқу жылында жобаға қатысушылар жалпы салмағы 1,26 тонна өнім жинаған. Елордалық оқушылар бастамаға жаңа оқу жылынан бастап атсалысады.
Алғышқы жас лидер форумына Алматы қаласында Шымкент пен Түркістаннан 500 оқушы жиналады
Жас лидер форумы шілде айының бірінші жартысында Алматы қаласында өтеді және Болат Өтемұратов Қорының Jas Leader Akademiiasy жобасының бірінші жылының қорытындысын шығару алаңына айналады. Форумға жыл ішінде әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жеткен жалпы білім беретін мектептердің 500 үздік оқушылары қатысады.
Болат Өтемұратов Қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 400 млн теңге сомасына көмек көрсетті
Үйлері су тасқынынан бүлінген 4 мыңнан астам қазақстандық «Көмек картасы» жобасы аясында атаулы қаржылай көмек алды.
Болат Өтемұратов Қоры Қызылорда әуежайындағы жаңа жолаушылар терминалының жобасын ұсынды
Болат Өтемұратов Қоры Қорқыт ата әуежайындағы жаңа жолаушылар терминалының жобасын ұсынды. «Верный Капитал» тобы жүзеге асырып жатқан жобаның бағалау құны шамамен 25 миллион АҚШ долларын құрайды. Құрылыс аяқталғаннан кейін нысан қаланың коммуналдық меншігіне тегін беріледі.