Баспасөз орталығы

Болат Өтемұратов Қоры Арал өңірінің 40 отбасыларына үй сыйлады

Қызылорда облысы Арал қаласының 40 отбасы Болат Өтемұратов Қорының «Баламекен» жобасы шеңберінде жаңа баспанаға ие болды. Жаңа пәтерлерді иеленген отбасылардың қатарына көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектер мен апатты үйлерде тұратын отбасылар кірді. Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен пәтер кілттері болашақ тұрғындарына тыбас етілді.

06.10.2021

Алматылық оқушылар «Жасыл мектеп» жылыжайларында көкөніс егіп, оны өздері тұтынады

Биылғы оқу жылында тәлімгерлер биология бойынша тәжірибелік және факультативтік сабақтарын жылыжайда өткізеді. Алматыда пилоттық негізде басталған «Жасыл мектеп» жобасы аясында оқушылар жылыжайда көкөніс егіп, оны өздері тұтына алады. Жылыжайлардың бірінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев та болып, қияр тұқымын екті

01.08.2021

Түркістан және Түркістан облысының мұғалімдері Jas Leader Akademiiasy бағдарламасы бойынша дайындықты бастады

Болат Өтемұратов Қоры Jas Leader Akademiiasy бағдарламасын түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласында бастады. Бағдарламаның міндеті – 5-11 сынып оқушылары арасында көшбасшылық қабілеттерді қолдау және дамыту. Балаларға мектепте оқытпайтын, бірақ сұраныстағы дағдылар үйретіледі — бұл қарым-қатынас дағдылары, көпшілік алдында сөйлеу, уақытты жоспарлау және басқару, өзін-өзі таныстыру және өзіне деген сенімділікті дамыту.

28.07.2021

Болат Өтемұратов Қоры Арал ауданындағы құрғақшылықтан зардап шеккендерге 200 миллион теңгеден астам қаражат жібереді

Кейін зардап шеккен халықтың алғашқы қажеттіліктеріне бөлінетін қаражат «Аралым-Айдын шалқарым» қоғамдық қорына аударылады. Аймақта ұзаққа созылған құрғақшылықтың салдарынан малдың суға қолжетімділігі және азықтықпен қамтамасыз етілуі күрделі мәселесі орын алды. Қазіргі уақытта ауданда 500-ден астам малдың қырылуы тіркелді.

16.07.2021

Болат Өтемұратов Қоры «жасыл мектептер» жобасын іске қосу туралы жариялайды

Жобаның бірінші кезеңі Болат Өтемұратов Қоры 16 мемлекеттік мектепте жылыжай орнататын Алматы қаласынан басталады. Алдағы екі жылда тағы 40 жылыжай орнатылатын Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары осы бастамаға қосылады. Алғашқы жылыжай Алматы қаласы Жетісу ауданының № 177 мектебінде ашылды.

15.07.2021

Қазақстанда қазақ мектептерінің оқушыларына арналған «Жас лидер академиясы» атты бағдарламасы басталады

Болат Өтемұратов Қоры Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктерімен бірлесе отырып «Жас лидер академиясы» бағдарламасын іске қосуда. Бағдарламаның мақсаты — 5-11 сынып оқушылары арасында көшбасшылық қабілеттерді қолдап, дамыту және мектепте оқытпайтын, бірақ сұраныстағы дағдыларды үйрету

17.06.2021

Болат Өтемұратовтың Қоры және Қазақстанның Қызыл Жарты айы Риддердегі ірі өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетті

10 мамырдағы өрт кезінде үйлері өртеніп кеткен Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғындары Қазақстанның Қызыл Жарты айымен және Fortebank-пен бірлескен жоба аясында Болат Өтемұратов Қорынан жалпы сомасы 30 млн. теңгені құрайтын «Көмек карталарын» алды.

17.05.2021

Болат Өтемұратов қоры Риддердегі ірі өрт кезінде үйінен айырылған әр отбасыға 1 млн. теңге бөледі

Риддердегі өрттен зардап шеккен отбасылар Болат Өтемұратовтың қорынан «Көмек картасы» жобасы аясында әрқайсысы 1 млн. теңгеден алады. «Көмек картасы» Болат Өтемұратовтың қоры, Қазақстанның Қызыл Айы және Fortebank-пен бірлесіп жүзеге асырылған жобасы

12.05.2021

Ботаникалық бақта ашық аспан астында өтетін музыкалық кештер

Құрметті алматылықтар мен қала қонақтары! Сіздерді Ботаникалық бақта ашық аспан астында өтетін музыкалық кештерге шақырамыз. Сіздердің алдарыңызда қаламыздың классикалық және джаз музыкашылары өнер көрсетеді.

30.04.2021

Петропавлда көктемгі тасқыннан зардап шеккендер Болат Өтемұратовтың қорынан 43 млн. теңгеден астам қаражат алды

Қазақстанның Қызыл Жарты Ай, Болат Өтемұратов Қоры және Fortebank іске асырған «Көмек картасы» жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының 861 тұрғынына жалпы сомасы 43 млн. теңгеден астам қаржылай көмек көрсетіледі. Қардың қарқынды еруі нәтижесінде Петропавл қ. қала маңындағы саяжай аумағы су басқан аймақ аясында болды.

30.04.2021