Баспасөз орталығы

Болат Өтемұратов Қоры GAAC-пен бірлесіп Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда аутизм саласындағы өңірлік хаб құрады

Болат Өтемұратов Қоры Аутизмі бар адамдардың мүдделерін қорғау жөніндегі жаһандық коалицияның (GAAC) өңірлік серіктесіне айналып, Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдеріне арналған хаб құрады. Жаңа алаң аутизм спектрінің бұзылысы (АСБ) бар адамдарды жүйелі қолдауды дамыту үшін халықаралық және өңірлік ұйымдардың сараптамасын біріктіреді.

30.09.2026

Болат Өтемұратов Қоры АСБ бар балалардың қауіпсіздігін арттыруға арналған SaqTag цифрлық сервисінің пилоттық жобасын бастады

Болат Өтемұратов Қоры аутизмі бар балалар жоғалған жағдайда оларды тезірек табуға және отбасыларымен байланыс орнатуға көмектесетін цифрлық білезіктерді енгізу бойынша пилоттық жобаны бастады. Жоба «Асыл Мирас» аутизм орталықтарының төртеуінде — Алматыда, Өскеменде және Астанадағы екі орталықта жүзеге асырылады. Пилоттық жоба сәтті нәтиже көрсеткен жағдайда Қор бұл бастаманы Қазақстандағы «Асыл Мирас» аутизм орталықтарының бүкіл желісіне таратуды жоспарлап отыр.

29.09.2026

Болат Өтемұратов Қоры қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 25 миллион теңгеден бөледі

Болат Өтемұратов Қоры Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді.

25.09.2026

Әулиекөлдегі инсульт орталығы: өрттен кейінгі көмек ұзақ мерзімді медициналық жобаға айналды

2022 жылғы қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданында болған ауқымды табиғи өрт 43 мың гектар аумақты шарпыды. 91 тұрғын үй жойылып немесе зақымданып, 2 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Апат салдарын еңсеруге қолдау көрсету үшін Болат Өтемұратов Қоры Қостанай облысына 1,1 млрд теңге бөлді.

23.09.2026

Болат Өтемұратов Қоры Алматыдағы газдандыру жобасына қолдау көрсетті

Болат Өтемұратов Қоры Алматы қаласындағы тұрғын үйлерді газбен жабдықтауға бағытталған маңызды әлеуметтік жобаға 460 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.

02.09.2026

Болат Өтемұратов Қоры Жезқазғанда заманауи «Шабыт» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығын салды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Жезқазған қаласында жаңа «Шабыт» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының ресми ашылу рәсімі өтті. Бұл – өңір балаларына арналған заманауи білім беру және шығармашылық кеңістіктерінің бірі. Нысан Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен салынды.

04.06.2026

Жәния Әубәкірова «Әуенмен сырласу» деректі эсселер циклін таныстырды

2026 жылғы 22 сәуірде Алматыда пианист, Қазақстанның Халық әртісі Жәния Әубәкірованың авторлық жобасы – «Әуенмен сырласу» деректі эсселер циклінің тұсаукесері өтті. Музыканттың ішкі әлемі мен орындаушылық өнер табиғатын арқау еткен жоба Болат Өтемұратов Қоры қолдауымен жүзеге асырылды.

23.04.2026

Астанада аутизм бар балалардың қатысуымен «Шуылдақ шыбын» инклюзивті спектаклі өтті

4 сәуір күні Астана қаласындағы Әзербайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының сахнасы бұл жолы тек өнер ордасы ғана емес, қоғамдық маңызы айрықша кеңістікке айналды. Осында аутизм спектрінің бұзылысы (АСБ) бар балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен «Шуылдақ шыбын» инклюзивті мюзиклі көрерменге жол тартты. Қойылым аншлагпен өтті.

06.04.2026

Болат Өтемұратов Қоры мен RAOUL Қазақстанда жаңа жобаны бастауда

Болат Өтемұратов Қоры Швецияның RAOUL Қорымен бірлесіп, Қазақстанда аутизм спектрінің бұзылысы бар (АСБ) жастарға арналған сүйемелденетін жұмыспен қамту (Supported Employment) жүйесін дамытуға бағытталған жаңа ауқымды жобаның басталғанын жариялайды.

18.02.2026

Александр Винокуров аутизмі бар балалардың жаттығуына қатысты – «Аут» фильмінде көрінген кейіпкерлер

Жас спортшылар – режиссер Қанат Бейсекеев Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен түсірген аутизм туралы «Аут» деректі фильмінің кейіпкерлері.

29.01.2026