Болат Өтемұратов қоры Алматы қ. Туризм басқармасымен бірлесіп, Autism Friendly бастамасы шеңберінде Алматы халықаралық әуежайының 300 қызметкеріне аутизм спектрі бұзылған (АСБ) жолаушылармен өзара іс-қимыл дағдыларын үйретеді. Бұл халықаралық бастаманың негізгі міндеті - қалалық кеңістіктер мен мекемелерді аутистер үшін қауіпсіз және қол жетімді ету. Бүгін Қор, Алматы халықаралық әуежайы және Алматы қаласының Туризм басқармасы арасында тиісті үшжақты меморандумға қол қойылды.
Болат Өтемұратов Қоры су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда. 2024 жылдың қыркүйегіне дейін Қор облыстың 419 отбасы үшін тұрғын үйді салу мен сатып алуды қаржыландыруды жоспарлап отыр.