2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Ақмола облысының Қосшы қаласында бір жарым мың оқушыға арналған жаңа мектеп ашылады. Құны шамамен 7,5 миллиард теңгені құрайтын қайырымдылық жобаны Болат Өтемұратов Қоры қаржыландырады. Құрылыс аяқталғаннан кейін мектеп қалаға өтеусіз беріледі.
Болат Өтемұратов Қоры Қазақстанның Қызыл айымен және ForteBank-пен бірлесіп Түркістан облысының Сарыағаш және Қазығұрт аудандарындағы жаңбыр су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға атаулы қаржылық көмек көрсетті. Осы мақсатта 111 млн теңгеден астам қаражат бөлінді, орта есеппен әрбір отбасы 600 мың теңге алды.
Болат Өтемұратов Қоры Қазақстанның Қызыл Айы ұйымымен және ForteBank-пен бірге 110 млн теңгеден астам жалпы сомаға көктемгі су тасқыны нәтижесінде зардап шеккендерге “Көмек карталарын” берді. Атаулы қаржылық көмек Ақтөбе, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарына 224 отбасына қиратушы тасқындардың салдарын жоюға жіберілді.
Бүгін Таразда аутизм спектрі бұзылған (АСБ) балаларды қолдау мақсатында жаңа «Асыл Мирас» аутизм орталығы ашылды. Тараз қаласы Болат Өтемұратов Қорының аутизм орталықтар желісі жұмыс істейтін Қазақстандағы оныншы қала болды. Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесе отырып ашылған орталық келесі мекенжай бойынша орналасқан: Асқаров к., 47, және жылына 300 балаға дейін қабылдай алатын болады.
«Асыл Мирас» аутизм орталығының жаңа ғимараты Қонаев көш., 122 мекенжайы бойынша орналасқан. Орталықтың аумағын ұлғайту арқасында жылына 300-ге жуық отбасы бейімделу бағдарламасымен қамтылады. Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа орталықты аралап, мамандардың жұмысымен танысты.
2021 жылы Болат Өтемұратов Қоры денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және мұқтаж адамдарға қолдау көрсету саласындағы жобаларға 3 миллиард теңге қаражат бөлді.
Қордың Қамқоршылар Кеңесінің төрағасы, доктор Алмаз Шарман 2021 жылы Қор жұмыс істеген он сегіз жоба туралы әңгімеледі. Оның ішінде «Аутизм. Барлығына бір әлем» жобасының кеңейтілуі, «Жасыл Мектеп», «Jas Leader Akademiiasy» жобалары, табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету және мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жобалары.