2021 жылы Болат Өтемұратов Қоры денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және мұқтаж адамдарға қолдау көрсету саласындағы жобаларға 3 миллиард теңге қаражат бөлді.
Қордың Қамқоршылар Кеңесінің төрағасы, доктор Алмаз Шарман 2021 жылы Қор жұмыс істеген он сегіз жоба туралы әңгімеледі. Оның ішінде «Аутизм. Барлығына бір әлем» жобасының кеңейтілуі, «Жасыл Мектеп», «Jas Leader Akademiiasy» жобалары, табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету және мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жобалары.
Батырхан Шөкенов атындағы Қор және Болат Өтемұратов Қоры сіздермен Батырхан Шөкеновтың “Отан Ана” альбомының винил пластинкасының шектеулі таралымының шыққанын қуанышпен хабарлайды.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында мұқтаж отбасыларға 10 баспана сыйға тартылды. Жаңа баспаналарды кәсіпкер-меценат, мемлекет және қоғам қайраткері Болат Өтемұратовтың қоры тарту етті.
Қызылорда облысының әкімдігі "Қорқыт Ата" әуежайының жаңа терминалын салу бойынша Болат Өтемұратов қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.
Қызылорда облысы Арал қаласының 40 отбасы Болат Өтемұратов Қорының «Баламекен» жобасы шеңберінде жаңа баспанаға ие болды. Жаңа пәтерлерді иеленген отбасылардың қатарына көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектер мен апатты үйлерде тұратын отбасылар кірді. Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен пәтер кілттері болашақ тұрғындарына тыбас етілді.
Биылғы оқу жылында тәлімгерлер биология бойынша тәжірибелік және факультативтік сабақтарын жылыжайда өткізеді. Алматыда пилоттық негізде басталған "Жасыл мектеп" жобасы аясында оқушылар жылыжайда көкөніс егіп, оны өздері тұтына алады. Жылыжайлардың бірінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев та болып, қияр тұқымын екті