Баламекен

2019
Жоба туралы Фотосуреттер

Болат Өтемұратов қоры еліміздің мұқтаж азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Баламекен» жобасына бастамашы болды.

Алғашқы қоныстанушылар Қызылордадағы көпбалалы отбасылар болды, онда 75 дуплекс үй салынды, оның 50-ін Қор қаржыландырды. Әр үй екі отбасына есептелген, олардың әрқайсысының өз кіреберісі және алты сотық жер учаскесі бар.

Арыстағы қайғылы жағдайдан кейін Қор 50 дуплекс үйден тұратын «Баламекен» шағын ауданының құрылысына қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. 2019 жылдың 13 қарашасында жаңа қоныстанушылар асүйлері мен жуынатын бөлмелері бар толық дайын үйлерге кірді. Жарылыстардың салдарынан үйлерінен айырылған отбасылар, көп балалы отбасылар және мүгедек балалары бар отбасылар баспана алды.

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында Қор су тасқынынан зардап шеккендерге арнап 150 үй салды. Ауданы 100 шаршы метр болатын жаңа үш бөлмелі үйлер қираған Достық, Жаңатұрмыс және Жеңіс ауылдарының тұрғындары қоныс аударған Мырзакенттің перспективті ауданында орналасқан.

Сондай-ақ, Қор Аралдағы көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, мүгедектігі бар адамдарға және апатты үйлерде тұратын отбасыларға 40 пәтерді сыйға тартты. Ауданы 64 шаршы метр үш бөлмелі пәтерлер және ауданы 47 шаршы метр екі бөлмелі пәтерлер төрт отбасына арналған бір қабатты үйлерде орналасқан. Үйлерде барлық қажетті коммуникациялар бар, сантехника, газ плиталары және су жылытқыштар орнатылған. Әрбір пәтер иесіне алты сотық жер учаскесі берілді.

  • 9,4 миллион АҚШ доллары 4 жыл бойында бөлінді
  • 4 қалада жаңа үйлер салынды
  • 390 отбасы жаңа баспана алды
Жобаның жаңалықтар
Мектеп жылыжайлары және жаңа әуежай терминалының құрылысы: Болат Өтемұратов Қоры жыл қорытындысын шығарды
Мақтааралда мұқтаж отбасыларға 10 баспана сыйға тартылды
Болат Өтемұратов Қоры Арал өңірінің 40 отбасыларына үй сыйлады
Болат Өтемұратов қоры Мақтаарал ауданындағы су тасқыннан зардап шеккен 150 отбасыға үй сыйлады
Болат Өтемұратов Қоры 2019 жылы қайырымдылық жобаларына 6 млрд. астам теңге бөлді
Болат Өтемұратов Қоры «Баламекен» жобасының шеңберінде Арыстағы 100 отбасына үй сыйлады