28.04.2020

Алматының Ботаникалық бағын қайта құру аяқталуға жақын қалды

Үш жаңа заманауи кіреберіс павильон, 17,7 га қоғамдық аймақтарды абаттандыру, өсімдіктерді суаруға тәулігіне қосымша 2760 текше метр су, ұзындығы 13 километр арықтар, бірталай километр тамшылы суару және автоматтандырылған суару жүйелері, 1500 төменгі жарықтандыру шамы, 130 бейнебақылау камерасы, 250 сәкі, 50 мың шаршы километр жаңартылған жолдар, 174,3 мың жаңа өсімдік – Алматыдағы Бас ботаникалық бақты қайта құрудың қазіргі нәтижелері осындай.

Жобаға бақты қалпына келтіру және жаңарту, оның флорасын көбейту мақсатында, 2018 жылы Ботаника және фитоинтродукция институтының сұрауы бойынша Болат Өтемұратов Қоры бастама жасаған болатын. Оның жалпы қүны 15 млн. АҚШ долларын құрады.
Бақты қайта құрудың аяқталуы маусым айының ортасына жоспарланған, қазіргі таңда мұнда Оңтүстік партердегі жүргінші жолдарды және жанама территориясымен өтетін Оңтүстік кіреберіске дейінгі автокөлік жолын салу, өсімдіктерді отырғызу әрі бақша жиһазын орналастыру жұмыстары жалғасуда.


«Бұл қайырымдылық жоба, оның басталу сәтінен, біз үш негізгі принципті басшылыққа алдық. Біріншісі – бақтың өсімдіктеріне күтіп қарау, Ботаника және фитоинтродукция институтының қызмкетлерімен бірлесіп оның жасыл қорын сақтап қалу және көбейту. Екіншісі – шын мәнінде жайлы әрі қауіпсіз қоғамдық кеңістік құру үшін, дизайнында, сәулетінде және инфрақұрылымды жоспарлауда үздік тәжірибе мен сараптауды қолдану, экологиялық, жоғары сапалы құрылыс материалдарын пайдалану. Үшіншісі – жобаның ашықтығы және есептілігі, оның ішінде, қоғамдық қарастурыды өткізу мен әлеуметтік желілер арқылы қаланың белсенді тұрғындарымен әрі экологиялық ұымдармен қайта құру жұмыстары бойынша диалог құру», — дейді Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.
Қайта құру аясында бақта 174,3 мың жаңа өсімдік отырғызылды, оның ішінде сирек түрлер мен сұрыптар – 1300 астам жаңа талдар (балқарағай, боз арша, шие, алма, алмұрт, қараөрік, емен, үйеңкі, қайын, жөкенің түрлері), 40 мың бұта, 130 мың астық тұқымдастар мен көпжылдық гүлдер, 3 мың раушан гүл. Жаңартылған бақтың шынайы әшекейлері болған сакуралар, «Шантеклер» алмұрты, қызыл жапырақты «Роял Ред» үйеңкісі (Еуропаның шектерінен тыс тұңғыш рет отырғызылған), магнолияның бірнеше сорты, Бонсай ағаштары секілді эксклюзивтер отырғызылған.
Қайта құру жобасының консультанты Игорь Глуховцев Алматының Ботаникалық бағы үшін жаңа өсімдіктер таңдау принциптері туралы былай деп әңгімелейді: «Жобаны іске асыру процесінде ағаштарды, бұталар мен көпжылдық өсімдіктерді таңдаау негізгі екі принципке негізделді. Біріншіден, қоғамдық аймақтарда парк-ландшафттық экспозициялар қалыптастыру, оларға максималды мәдени-ландшафттық тартымдылық беру үшін, түрлер мен сорттарды таңдау кезінде, өсімдіктердің Алматы қаласының жоғарғы жағының табиғи-климаттық шарттарына талаптары ескерілді. Екіншіден, Ботаникалық бақ үшін жаңа түрлер, сорттар мен нысандар іріктеу, сыннан өткізу және елді мекендерді көгалдандыруға енгізу жөніндегі ұсыныстамалар өзекті болып табылатындықтан, өсімдіктердің тізімдерін қалыптастыру кезінде Алматының Ботаникалық бағының жетекші мамандарының тілектері есепке алынды».


Бақтың аумағында жаңа және бұрынғы өсімдіктерді суаратын судың жеткілікті көлемімен қамтамасыз ету үшін, сумен жабдықтау жүйесі түбегейлі қайта құрылды. Әрқайсысының қуаттылығы сағатына 40 текшеметр екі жаңа артезиан ұңғымасы бұрғыланды, бұрыннан бар екі ұңғыманың өткізгіштік қабілеті сағатына 20 текшеметрден 25 текшеметрге дейін ұлғайтылды. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағында ағатын Кереңқұлақ өзенінен су жинағыш тартылды. Өзеннен баққа тәулігіне 600 текшеметр су келіп түсетін болады. Су жаңа арық желісі бойынша өтеді, оның ұзындығы 13 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, бақта тамшылатып суару және автоматты суару жүйелері тартылған. Оңтүстік партердегі үш жаңа тоған мен бұрыннан бар жаңғыртылған бөгендер де сондай-ақ жалпы суару жүйесінің бір бөлігіне айналды.


Ботаникалық бақты заманауи, жайлы және экологиялық қоғамдық кеңістікке айналдыру үшін, оның ашық аймақтары түбегейлі қайта қаралды. Мұнда бұрынғы бір кіреберістің орнына үш жаңа кіреберіс павильон тұрғызылды. Келушілер баққа Тимирязев көшесінен, «Атакент» көрме орталығынан, сондай-ақ Әл-Фараби даңғылынан кіре алады. Барлық павильондар табиғи материалдардан жасалған, оларды электрондық билеттендіру жүйелері және туристік қоғамдық орындарға тән инфрақұрылым – кәдесый дүкендері, шағын кафетерийлер, дәретханалар орнатылған.


Солтүстік партер оның іргесі 1932 жылы қаланғандағы жоспарланған стилін сақтаумен және бірқатар бүгінгі заманның элементтерін үстеумен жаңғыртылған. Атап айтқанда, мұнда «құрғақ» фонтан мен осы аймақтағы микроклиматты жақсартуға арналған су өсімдіктері бар бөген пайда болды. Контурының бойымен, перспективаны ашып, және жетіспейтін сая құра отырып, гүлдейтін ағаштар (сакура) және бұталар отырғызылған. Партердің жоғарғы бөлігінде екі пергола тұрғызылған, онда тармақты раушан гүлдер өсетін болады. Жол жабыны жаңғыртылған және табиғи граниттен жасалған.
Бақтың «жоғарғы» бөлігінде, алаңқайдың орнында перголамен және жағасындағы шезлонгтармен бірге үш көркем тоған және өте әдемі алуан шөпті өрісі бар Оңтүстік партер құрылған. Бірнеше жылдан соң үйеңкі, жөке және қарағай көшеттері саялы аллеялар береді.
Ботаникалық бақтың бүкіл аумағы бойынша жолдар жаңғыртылды, олардың жалпы ауданы 50 мың шаршы метрден асты. 10 мың шаршы метр жаяу жолдар Қазақстанда қоғамдық аймақтарда тұңғыш рет қолданылған герман технологиясы бойынша экологиялық жабыннан жасалған. Партерлерде және жолдардың бойында 250 жаңа сәкі, ағаштардың табиғи циклына бөгет болмайтын 1500 төменді жарықтандыру шамы, сондай-ақ келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 1300 видеобайқау камерасы орнатылған. Бақтың аумағында ыңғайлы бағдарлану және өсімдіктерді зерделеу үшін навигациялық нұсқағыштар мен ақпараттық табличкалар, сондай-ақ енді Android және iOS операциялық жүйесіндегі құрылғылар үшін қолжетімді мобильді қолданба көзделген.
Бақта жас шамасынан, әуестіктерінен және басқа ерекшеліктерінен тәуелсіз барлық адамдар, соның ішінде қимыл-қозғалысы шектеулі азаматтар үшін бірдей жайлы болады. Мұнда арбашалар үшін ыңғайлы пандустар тұрғызылған, ал барлық жаяу жүру аймақтарында тактильді жолшалар төселген, павильондарда арнайы жабдықталған дәретханалар бар.


«Ботаникалық бақтың ерекше мәртебесі мен қайта құру жобасына жұртшылық назарының жоғары деңгейін назарға ала отырып, біз әуел бастан оның толық ашықтығы мен көлегейсіздігін қамтамасыз еттік. Қайта құру концепциясы мен кеңістікті дамыту жоспары әлі 2018 жылдың жазында қоғамдық тыңдауларда жұртшылыққа ұсынылған болатын. Тыңдауларға қатысушылардың ұсыныстамалары мен тілектерін ескере отырып, сол жылдың күзінде қайта құрудың эскиздік жобасы ұсынылды. Үш рет БАҚ, қоғамдық және экологиялық белсенділердің, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен баспасөз турлары өткізілді. Өткен жылы, құрылыс жұмыстары басталардың алдында, жобаның жекелеген құрауыш бөліктерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша бірнеше сатыда қоғамдық тыңдау өткізілді. Сонымен қатар, қайта құрудың барысы туралы Болат Өтемұратов Қоры БАҚ арқылы, сондай-ақ Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде арнайы құрылған беттерде («Бас ботаникалық бақты қайта құру» беттері) үнемі хабарлап отырады, онда кез келген пайдаланушының өзінің комментарийін қалдыруға, не болмаса сұрақ қоюға мүмкіндігі бар», — деп атап өтті Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.