08.12.2023

Болат Өтемұратов жыл меценаты атанды

7 желтоқсанда Алматыда Kazakhstan Growth Forum ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарада филантропия үздіктерін анықтады.

7 желтоқсанда Алматыда Kazakhstan Growth Forum ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарада филантропия үздіктерін анықтады.

Тәуелсіз кәсіби алқа мүшелері 13 номинация жеңімпаздарын жариялады, соның ішінде бірінші рет «Жыл меценаты» анықталды. Болат Өтемұратов әлеуметтік жобалардың асырылуына зор үлесін қосқаны үшін ерекше атанды. Қайырымдылық жобаларға, атап айтқанда мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау мен инфрақұрылымға 150 миллионов доллар мөлшерінде қаржы бөлінген.

Болат Өтемұратов қорының басты жобаларының бірі «Асыл Мирас» аутизм орталықтары желісі. 9 жыл ішінде 16 мыңдай аутизм спектрінің бұзылуы (АСБ) бар қазақстандық балалар мінез құлықты түзетудегі алты ерте араласу бағдарламасы бойынша тегін дәріс алды.

Бүгін Семейде АСБ бар балаларға көмектесетін 13-ші «Асыл Мирас» аутизм орталығы ашылды. Жаңа орталық жылына 300 баланы қабылдай алады. Сабақтар «Аутизм. Баршамызға бір әлем» стандарттарына сай 6 интервенциялық бағдарламалар бойынша жүргізіледі.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейде аутизм орталығының аутистік спектрдің ауытқулары бар балалардың дамуы үшін қоғамға қолжетімді орта құрудағы маңызды қадам екенін атап өтті. Сондай-ақ ол маңызды жобаларды жүзеге асыруда үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан Болат Өтемұратов Қорына алғысын білдірді.

Соңғы жылдың өзінде Қор жұмысы тізіміне келесі жобалар қосылды: 1500-орынды Қосшы қаласындағы мектеп-гимназия, аумағы 8500 ш.м құрайтын жаңа әлеуметтік спорттық-мәдени орталық. Ал 2024 жылы Алматы облысында тағы екі мектеп тапсырылмақ — Есік және Шелек қалаларында. Қызылордада жаңа әуежай терминалының құрылысы жалғасуда, нысанды келер жылдың көктемінде пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар, Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге (5 млн АҚШ доллары) және Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында қаза тапқан шахтерлердің отбасыларына (1 млн АҚШ доллары) көмек көрсетілді. Жүейлі түрде Қор апаттық жағдай кездерінде «Көмек картасы» бағдарламасы аясында қол ұшын беріп келуде. Ал мәдениет саласында Болат Қтемұратов Батырхан Шөкенов Қорын мен заманауи Құланшы өнер галереясына қолдау көрсетіп келуде.