Болат Өтемұратов қоры еліміздің мұқтаж азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Баламекен» жобасын іске қосты. Алғашқы қоныстанушылар Қызылорда қаласындағы көпбалалы отбасылар болды. Мұнда 75 дуплексті үй салынды, оның 50-ін Қор қаржыландырды. Әр үй екі отбасына арналған, әрқайсысының жеке кіреберісі мен алты сотық жер телімі бар. Арыста болған қайғылы жағдайдан кейін Қор 50 дуплексті үйден тұратын […]
2021 жылы Болат Өтемұратов Қоры денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және мұқтаж адамдарға қолдау көрсету саласындағы жобаларға 3 миллиард теңге қаражат бөлді. Қордың Қамқоршылар Кеңесінің төрағасы, доктор Алмаз Шарман 2021 жылы Қор жұмыс істеген он сегіз жоба туралы әңгімеледі. Оның ішінде «Аутизм. Барлығына бір әлем» жобасының кеңейтілуі, «Жасыл Мектеп», «Jas Leader Akademiiasy» жобалары, табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету және мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жобалары.
Мақтааралда мұқтаж отбасыларға 10 баспана сыйға тартылды
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында мұқтаж отбасыларға 10 баспана сыйға тартылды. Жаңа баспаналарды кәсіпкер-меценат, мемлекет және қоғам қайраткері Болат Өтемұратовтың қоры тарту етті.
Болат Өтемұратов Қоры Арал өңірінің 40 отбасыларына үй сыйлады
Қызылорда облысы Арал қаласының 40 отбасы Болат Өтемұратов Қорының «Баламекен» жобасы шеңберінде жаңа баспанаға ие болды. Жаңа пәтерлерді иеленген отбасылардың қатарына көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектер мен апатты үйлерде тұратын отбасылар кірді. Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен пәтер кілттері болашақ тұрғындарына тыбас етілді.
Болат Өтемұратов қоры Мақтаарал ауданындағы су тасқыннан зардап шеккен 150 отбасыға үй сыйлады
Болат Өтемұратов қоры Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент қаласында былтыр көктемде болған су бөгетінің бұзылуы салдарынан болған тасқын судан зардап шеккендерге арнап 150 үй салған. Бүгін үйлердің кілттері болашақ тұрғындарына ҚР вице-премьері Роман Скляр мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шукеевтің қатысуымен берілді.
Болат Өтемұратов Қоры 2019 жылы қайырымдылық жобаларына 6 млрд. астам теңге бөлді
Болат Өтемұратов Қоры 2019 жылы өзінің қызметін кеңейтті. Қайырымдылық жобаларына бөлінген жалпы сома 6 миллиард теңгеден астам құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан алты есе көп. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен Қордың Қамқоршылар Кеңесінің қорытындылары бойынша баспасөз конференциясында жарияланды. Жыл қорытындыларын Қамқоршылар Кеңесінің мүшелері Алмаз Шарман, Олжас Сүлейменов, Жәния Әубакірова және Қордың директоры Марат Айтмағамбетов шығарды.
Болат Өтемұратов Қоры «Баламекен» жобасының шеңберінде Арыстағы 100 отбасына үй сыйлады
Болат Өтемұратовтың Қайырымдылық Қоры «Баламекен» жобасының шеңберінде Арыстағы 100 отбасына арналған үйлердің құрылысын аяқтады.
Қордың қаражатына әрқайсысы екі отбасына арналған «дуплекс» типті 50 үй тұрғызылатын болады.
Қызылордада көпбалалы 100 отбасыға пәтер берілді
Көпбалалы шаңырақтарға арналған баспана Болат Өтемұратов қайырымдылық қорының қаржысына салынған.
150 тұрмысы осал көп балалы отбасы облыс бюджеті қаражатының және Болат Өтемұратов Қорының қайырымдылық көмегінің есебінен баспанамен қамтамасыз етілетін болады.