2018 жылдан бастап Болат Өтемұратов Қоры Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамымен және ForteBank-пен бірлесе отырып, табиғи және техногендік апаттардан зардап шеккен адамдарға жедел және мақсатты көмек көрсетуге бағытталған гуманитарлық жоба – Көмек картасы жобасын жүзеге асырып келеді. Көмек картасы деген не? Көмек картасы – ForteBank-тен берілетін жеке атаулы банк картасы. Бұл картаға апаттан зардап шеккен […]
Болат Өтемұратов Қоры Америкалық Сауда Палатасының премиясын алды
Жеңімпаздар тәуелсіз комиссияның дауыс беру нәтижелері бойынша анықталды.
2023 жылы Болат Өтемұратов Қоры 40,3 млрд теңгені денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылым мен табиғи апаттық жағдай кездерінде зардап шеккен жандарға бөлді.
Болат Өтемұратов Қоры Қостанай облысына көмекке 1,1 млрд теңге бөледі
Болат Өтемұратов Қоры Қостанай облысы Әулиекөл ауданының орталық ауруханасының базасында инсульт орталығын құруға және қондырғылармен қамтуға 1 млрд теңге бөледі. Үйлері өртеніп кеткен отбасылар 1 млн теңге көлемінде атаулы көмек алады.
Болат Өтемұратов Қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 400 млн теңге сомасына көмек көрсетті
Үйлері су тасқынынан бүлінген 4 мыңнан астам қазақстандық «Көмек картасы» жобасы аясында атаулы қаржылай көмек алды.
Түркістан облысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуге 111 млн теңге бөлінді
Болат Өтемұратов Қоры Қазақстанның Қызыл айымен және ForteBank-пен бірлесіп Түркістан облысының Сарыағаш және Қазығұрт аудандарындағы жаңбыр су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға атаулы қаржылық көмек көрсетті. Осы мақсатта 111 млн теңгеден астам қаражат бөлінді, орта есеппен әрбір отбасы 600 мың теңге алды.
Қиратушы тасқындардан зардап шеккен 1 000 астам адам 110 млн теңгеге көмек алды
Болат Өтемұратов Қоры Қазақстанның Қызыл Айы ұйымымен және ForteBank-пен бірге 110 млн теңгеден астам жалпы сомаға көктемгі су тасқыны нәтижесінде зардап шеккендерге “Көмек карталарын” берді. Атаулы қаржылық көмек Ақтөбе, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарына 224 отбасына қиратушы тасқындардың салдарын жоюға жіберілді.
10 мамырдағы өрт кезінде үйлері өртеніп кеткен Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғындары Қазақстанның Қызыл Жарты айымен және Fortebank-пен бірлескен жоба аясында Болат Өтемұратов Қорынан жалпы сомасы 30 млн. теңгені құрайтын «Көмек карталарын» алды.
Болат Өтемұратов қоры Риддердегі ірі өрт кезінде үйінен айырылған әр отбасыға 1 млн. теңге бөледі
Риддердегі өрттен зардап шеккен отбасылар Болат Өтемұратовтың қорынан «Көмек картасы» жобасы аясында әрқайсысы 1 млн. теңгеден алады. «Көмек картасы» Болат Өтемұратовтың қоры, Қазақстанның Қызыл Айы және Fortebank-пен бірлесіп жүзеге асырылған жобасы
Қазақстанның Қызыл Жарты Ай, Болат Өтемұратов Қоры және Fortebank іске асырған «Көмек картасы» жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының 861 тұрғынына жалпы сомасы 43 млн. теңгеден астам қаржылай көмек көрсетіледі. Қардың қарқынды еруі нәтижесінде Петропавл қ. қала маңындағы саяжай аумағы су басқан аймақ аясында болды.