Алматыдағы ботаникалық бақты қайта құру
2020 жылы Алматыдағы бас ботаникалық бақты қайта құру бойынша қайырымдылық жобасы аяқталды. Жобаның мақсаты – оның аумағының тұтастығы мен өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, бақшаны ұқыпты қалпына келтіру, инфрақұрылымды жаңғырту және жасыл қорды ұлғайту. Ботаникалық бақта 174,3 мың жаңа өсімдік отырғызылды — 1300-ден астам ағаш, 40 мың бұта, 130 мың дәнді дақылдар мен көпжылдық өсімдіктер, 3 […]
Ботаникалық бақта ашық аспан астында өтетін музыкалық кештер
Құрметті алматылықтар мен қала қонақтары! Сіздерді Ботаникалық бақта ашық аспан астында өтетін музыкалық кештерге шақырамыз. Сіздердің алдарыңызда қаламыздың классикалық және джаз музыкашылары өнер көрсетеді.
Қайта құрудан кейін 15 маусымда ашылу сәтінен бастап үш ай ішінде Алматы ботаникалық бағына 210 мыңнан астам адам келді. Салыстыру үшін — өткен онжылдықтағы келу деңгейі бойынша ең жоғары болған 2017 жыл ішінде бақшаға 50 мыңға жуық адам келді. Қайта құру жобасын жүзеге асырған Болат Өтемұратов Қоры мен Ботаника және фитоинтродукция институтының жетекшілері жаңартылған бақ жұмысының нәтижелерін шығарып, алдағы жоспарлары туралы айтты.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы ботаникалық бағының қайта құру жобасымен танысты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарының барысында Бас ботаникалық бақта болып шықты. Мемлекет басшысы ботаникалық бақты қайта құрудың нәтижелерімен танысты. Жобаны 2018 жылы Ботаника және фитоинтродукция институтының сұрауы бойынша Болат Өтемұратов Қоры бастаған болатын.
Алматының Ботаникалық бағын қайта құру аяқталуға жақын қалды
Үш жаңа заманауи кіреберіс павильон, 17,7 га қоғамдық аймақтарды абаттандыру, өсімдіктерді суаруға тәулігіне қосымша 2760 текше метр су, ұзындығы 13 километр арықтар, бірталай километр тамшылы суару және автоматтандырылған суару жүйелері, 1500 төменгі жарықтандыру шамы, 130 бейнебақылау камерасы, 250 сәкі, 50 мың шаршы километр жаңартылған жолдар, 174,3 мың жаңа өсімдік – Алматыдағы Бас ботаникалық бақты қайта құрудың қазіргі нәтижелері осындай.
Болат Өтемұратов Қоры 2019 жылы қайырымдылық жобаларына 6 млрд. астам теңге бөлді
Болат Өтемұратов Қоры 2019 жылы өзінің қызметін кеңейтті. Қайырымдылық жобаларына бөлінген жалпы сома 6 миллиард теңгеден астам құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан алты есе көп. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен Қордың Қамқоршылар Кеңесінің қорытындылары бойынша баспасөз конференциясында жарияланды. Жыл қорытындыларын Қамқоршылар Кеңесінің мүшелері Алмаз Шарман, Олжас Сүлейменов, Жәния Әубакірова және Қордың директоры Марат Айтмағамбетов шығарды.
Алматының Бас ботаникалық бағы 4 айға жабылады
Ботаника және фитоинтродукция институты мен Болат Өтемұратов Қоры Бас ботаникалық бақты 2019 жылғы 1 шілдесінен 1 қарашаға дейін қайта құрудың қарбалас сатысының кезеңіне келушілер үшін жабу туралы шешім қабылдады.
Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбек және меценат, бизнесмен Болат Өтемұратов Бас ботаникалық бақты қайта құрудың барысымен танысу үшін, оған кіріп шықты
ҚОР ДИРЕКТОРЫ БОТСАДТЫ ҚАЙТА ҚҰРУ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ
Алматының Бас ботаникалық бағын қайта құру жобасы қай деңгейде деген сұрақты жиі алып тұрамыз. Бұл сұраққа жауапты «Алматы» телеарнасына берген сұхбатында Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов берді.