Қызылорда облысының әкімдігі "Қорқыт Ата" әуежайының жаңа терминалын салу бойынша Болат Өтемұратов қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.
Қызылорда облысы Арал қаласының 40 отбасы Болат Өтемұратов Қорының «Баламекен» жобасы шеңберінде жаңа баспанаға ие болды. Жаңа пәтерлерді иеленген отбасылардың қатарына көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектер мен апатты үйлерде тұратын отбасылар кірді. Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен пәтер кілттері болашақ тұрғындарына тыбас етілді.
Биылғы оқу жылында тәлімгерлер биология бойынша тәжірибелік және факультативтік сабақтарын жылыжайда өткізеді. Алматыда пилоттық негізде басталған "Жасыл мектеп" жобасы аясында оқушылар жылыжайда көкөніс егіп, оны өздері тұтына алады. Жылыжайлардың бірінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев та болып, қияр тұқымын екті
Болат Өтемұратов Қоры Jas Leader Akademiiasy бағдарламасын түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласында бастады. Бағдарламаның міндеті – 5-11 сынып оқушылары арасында көшбасшылық қабілеттерді қолдау және дамыту. Балаларға мектепте оқытпайтын, бірақ сұраныстағы дағдылар үйретіледі - бұл қарым-қатынас дағдылары, көпшілік алдында сөйлеу, уақытты жоспарлау және басқару, өзін-өзі таныстыру және өзіне деген сенімділікті дамыту.
Кейін зардап шеккен халықтың алғашқы қажеттіліктеріне бөлінетін қаражат «Аралым-Айдын шалқарым» қоғамдық қорына аударылады. Аймақта ұзаққа созылған құрғақшылықтың салдарынан малдың суға қолжетімділігі және азықтықпен қамтамасыз етілуі күрделі мәселесі орын алды. Қазіргі уақытта ауданда 500-ден астам малдың қырылуы тіркелді.
Жобаның бірінші кезеңі Болат Өтемұратов Қоры 16 мемлекеттік мектепте жылыжай орнататын Алматы қаласынан басталады. Алдағы екі жылда тағы 40 жылыжай орнатылатын Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары осы бастамаға қосылады. Алғашқы жылыжай Алматы қаласы Жетісу ауданының № 177 мектебінде ашылды.