Баспасөз орталығы

Еліміздегі ең ірі аутизм орталығы Астанада жұмысын бастайды

Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күні қарсаңында Болат Өтемұратов Қоры Астанада аутизм спектрі бұзылған (АСБ) балаларға арналған жаңа орталық ашты. Бұл орталық Елордада екінші және Қазақстан бойынша «Асыл Мирас» желісінде он екінші орын алды. Ол Достық көшесі, 13, «Нурсая 2» ТК мекенжайында орналасқан.

31.03.2023

Алматыда аутизм бойынша халықаралық конференция басталды

29 және 30 қарашада Алматыда Болат Өтемұратов Қоры мен Нархоз Университеті «АУТИЗМ. МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ» IV Халықаралық конференциясын өткізеді.

29.11.2022

2022 жылғы 29 және 30 қарашада Алматыда «Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі» конференциясы өтеді

Конференцияда аутизмді зерттеу саласындағы жетекші халықаралық мамандар, озық әдістемелерді әзірлеушілер және АСБ бар балалардың ата-аналары сөз сөйлейді

17.11.2022

Болат Өтемұратов Қоры Қостанай облысында үйінен айырылған 100 отбасыға көмек көрсетті

Өрт салдарынан үйлері толығымен жанып кеткен Қостанай облысының Әулиекөл және Қарасу аудандарының тұрғындары Болат Өтемұратов Қорының «Көмек картасы» жобасы аясында әрқайсысы 1 млн теңгеден алды.

13.09.2022

Джокович, Алькарас, Медведев және Оже-Альяссим Астанадағы аутизм орталығында болды

Беделді жарыстағы матчтарының қарсаңында теннисшілер әлеуметтік іс-шараларға уақыт бөлді, деп хабарлайды ҚТФ. Елордадағы «Асыл Мирас» аутизм орталығына келген балалар мен ата-аналар спорт жұлдыздарын алғашқылардың бірі болып қарсы алды. Болат Өтемұратов Қоры аутизмі бар балаларға арналған осындай орталықтарды Қазақстанның 10 қаласында ашты

04.09.2022

«Асыл Мирас» аутизм орталығы Тараз қаласында жұмысын бастады

Бүгін Таразда аутизм спектрі бұзылған (АСБ) балаларды қолдау мақсатында жаңа «Асыл Мирас» аутизм орталығы ашылды. Тараз қаласы Болат Өтемұратов Қорының аутизм орталықтар желісі жұмыс істейтін Қазақстандағы оныншы қала болды. Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесе отырып ашылған орталық келесі мекенжай бойынша орналасқан: Асқаров к., 47, және жылына 300 балаға дейін қабылдай алатын болады.

07.02.2022

Алматыда «Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі» IV Халықаралық конференциясының жұмысы аяқталды

Болат Өтемұратов Қорының шақыруымен Қазақстаннан, Қырғызстаннан, АҚШ-тан, Польшадан, Ресейден және басқа да елдерден 560 қатысушы мен спикерлер Алматыға келіп, екі күн ішінде Нархоз Университетінің қабырғасында өз тәжірибелерімен, әдістемелерімен, білімдерімен бөлісті.

12.01.2022

«Асыл Мирас» аутизм орталықтары желісі Алматыдағы қызметін кеңейтуде

«Асыл Мирас» аутизм орталығының жаңа ғимараты Қонаев көш., 122 мекенжайы бойынша орналасқан. Орталықтың аумағын ұлғайту арқасында жылына 300-ге жуық отбасы бейімделу бағдарламасымен қамтылады. Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа орталықты аралап, мамандардың жұмысымен танысты.

14.12.2021

Болат Өтемұратов Қоры Арал ауданындағы құрғақшылықтан зардап шеккендерге 200 миллион теңгеден астам қаражат жібереді

Кейін зардап шеккен халықтың алғашқы қажеттіліктеріне бөлінетін қаражат «Аралым-Айдын шалқарым» қоғамдық қорына аударылады. Аймақта ұзаққа созылған құрғақшылықтың салдарынан малдың суға қолжетімділігі және азықтықпен қамтамасыз етілуі күрделі мәселесі орын алды. Қазіргі уақытта ауданда 500-ден астам малдың қырылуы тіркелді.

16.07.2021

Қазақстанда қазақ мектептерінің оқушыларына арналған «Жас лидер академиясы» атты бағдарламасы басталады

Болат Өтемұратов Қоры Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктерімен бірлесе отырып «Жас лидер академиясы» бағдарламасын іске қосуда. Бағдарламаның мақсаты — 5-11 сынып оқушылары арасында көшбасшылық қабілеттерді қолдап, дамыту және мектепте оқытпайтын, бірақ сұраныстағы дағдыларды үйрету

17.06.2021