Баспасөз орталығы

«Асыл Мирас» аутизм орталықтары желісі Алматыдағы қызметін кеңейтуде

«Асыл Мирас» аутизм орталығының жаңа ғимараты Қонаев көш., 122 мекенжайы бойынша орналасқан. Орталықтың аумағын ұлғайту арқасында жылына 300-ге жуық отбасы бейімделу бағдарламасымен қамтылады. Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа орталықты аралап, мамандардың жұмысымен танысты.

14.12.2021

Болат Өтемұратов Қоры Арал ауданындағы құрғақшылықтан зардап шеккендерге 200 миллион теңгеден астам қаражат жібереді

Кейін зардап шеккен халықтың алғашқы қажеттіліктеріне бөлінетін қаражат «Аралым-Айдын шалқарым» қоғамдық қорына аударылады. Аймақта ұзаққа созылған құрғақшылықтың салдарынан малдың суға қолжетімділігі және азықтықпен қамтамасыз етілуі күрделі мәселесі орын алды. Қазіргі уақытта ауданда 500-ден астам малдың қырылуы тіркелді.

16.07.2021

Қазақстанда қазақ мектептерінің оқушыларына арналған «Жас лидер академиясы» атты бағдарламасы басталады

Болат Өтемұратов Қоры Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктерімен бірлесе отырып «Жас лидер академиясы» бағдарламасын іске қосуда. Бағдарламаның мақсаты — 5-11 сынып оқушылары арасында көшбасшылық қабілеттерді қолдап, дамыту және мектепте оқытпайтын, бірақ сұраныстағы дағдыларды үйрету

17.06.2021

Болат Өтемұратовтың Қоры «Халық» Қайырымдылық қорының «Ел тірегі — Елбасы» акциясын қолдады

Болат Өтемұратовтың Қоры ұйымдастырған 4 000 азық-түлік себеті елдің ең тығыз қоныстанған қалалары — Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, сондай-ақ Қызылорда тұрғындарына жеткізіледі.

20.04.2021

Дүниежүзілік аутизм туралы хабардар ету күнінде Болат Өтемұратовтың Қоры ерте диагностиканың маңыздылығы туралы еске салды

Аутизм, оның себептері мен белгілері туралы білімді жоғарылату аутизм спектрі бұзылған (АСБ) баланың және оның отбасы өмірінің сапасын едәуір жақсарта алады. Дүниежүзілік аутизм туралы хабардар ету күнінде «Асыл Мирас» орталығының мамандары ата-аналармен және оқытушылармен вебинарлар мен онлайн кездесулер өткізіп, уақытында көмекке жүгінудің маңыздылығы туралы еске салады.

02.04.2021

Қазақстандағы тоғызыншы «Асыл Мирас» Аутизм Орталығы Павлодарда ашылды

Павлодар облысында аутистік спектрдегі ауытқулары бар балалармен жұмыс істеудің үздік әлемдік тәжірибелері мен әдістері енгізіледі. Бүгін мұнда Болат Өтемұратов қоры мен Павлодар облысы әкімдігінің бірлескен күшімен құрылған «Асыл Мирас» Аутизм Орталығының ашылуы өтті.

28.12.2020

Жылдам шешімдер мен үлкен жетістіктер жылы: Болат Өтемұратов Қорының қорытындылары

2020 жылы жеке қайырымдылық ұйымы коронавируспен күресуге, мұқтаж жандарға үйлер салуға, Алматы қаласының ботаникалық бағын қайта құруды аяқтауға және басқа да әлеуметтік жобаларға 5,2 млрд. теңге бағыттады

09.12.2020

«Асыл Мирас» Аутизм Орталығында ашық есік күні өтті

Аутизм проблемасы, оның белгілері мен салдары туралы қоғамның хабардарлығын арттыру — осы мақсатта бүгін Болат Өтемұратов Қоры іске асыратын «Аутизм. Баршымызға бір әлем» атты бағдарламасының аясында «Асыл Мирас» Аутизм Орталығында Ашық есік күні өтті.

03.11.2020

ПТР лабораторияның жұмыс туралы

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары! Ұлттық сараптама орталығының Алматы филиалы, Атакент көрме кешенінің павильонында коронавирустық инфекцияға тексеруді өткізу үшін  Болат Өтемұратов Қоры сыйға тартқан ПТР-зертханасы жұмыс істейтінін хабарлайды. Қазіргі уақытта Қытайдан келген әріптестердің қатысуымен мамандарды даярлау және сынама үлгілерін тестілеу аяқталуда. Барлық дайындық процедуралары аяқталғаннан кейін біз жеткізілген сынамаларға зерттеу жүргізуді бастаймыз. Барлық зерттеулер Қазақстан Республикасының […]

19.06.2020

Болат Өтемұратов Қоры COVID-19 арналған бірінші автоматтандырылған зертханалық кешенді табыстады

Астанада халық арасында коронавирустың жылдам және жоғары дәлдікті ПТР-скринингін жүргізуге арналған алғашқы модульдік зертханалық кешен іске қосылды. Мобильдігімен, биоқауіпсіздіктің жоғары деңгейімен және зерттеу процессінің автоматтандырылғанымен ерекшеленетін бірегей зертхананы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне және Нұр-Сұлтан қ. әкімдігіне Болат Өтемұратов Қоры тегін тапсырды.

05.06.2020